link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру  

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк бірқатар халықаралық келісімдерді жасау және ЕАЭО шеңберінде қол қойылған шарттарды күшіне енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

1. Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісім

Осы Келісім ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қаржы нарықтарының реттеушілері арасында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу, алынған конфиденциалды ақпаратқа қолжеткізу және оны сақтау тәртібін; өзара ынтымақтастық; трансшекаралық ұйымдарды қадағалауды жүзеге асыру мақсатында реттеушілер арасында бірлескен кездесулер мен консультациялар өткізу бағыттарын белгілейді.

Келісімге ЕЭК Кеңесінің он алтыншы отырысы шеңберінде Мәскеу қаласында 2014 жылғы 23 желтоқсанда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктерінің басшылары қол қойды.

Қазақстан Республикасы Келісімді күшіне енгізу бойынша мемлекетішілік рәсімдер «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 572 қаулысының қабылдануымен аяқталды.

Келісімнің күшіне енуінің ресми күні 2016 жылғы 21 қазан болып табылады. 

ЕАЭО туралы шартқа Армения Республикасын қосуды ескере отырып, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасын қосу туралы жекелеген Хаттамаға қол қою арқылы аталған келісімге Армения Республикасын қосу бойынша жұмысқа бастама жасалды.

Қазақстан Республикасы Хаттамаға қол қоюға, «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 888 қаулысын қабылдауға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады.  

2. Валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және ырықтандыру шараларын қабылдауға қойылатын келісілген тәсілдер туралы келісім

Осы келісім ЕАЭО туралы шарттың 64-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ЕАЭО мүше мемлекеттерінде валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге қойылатын және ырықтандыру шараларын анықтайды.  

Келісім жобасын ЕАЭО мүше мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктері атынан жасау жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк тиісті қаулының жобасын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізуге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамаларын үйлестіру туралы келісім

Осы келісім ЕАЭО туралы шарттың 70-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО шеңберінде жалпы қаржы нарығын құру, қызметтер секторындағы (банк секторы, сақтандыру секторы және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер секторы) қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тануды және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қаржы нарықтарына кемсітусіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді жетілдіру және мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қажеттілігіне орай әзірленді.  

Келісімді ЕАЭО қатысушы мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктері атынан жасау жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта Ұлттық Банк аталған келісімге қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыру үстінде.

4. Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін (сауданы ұйымдастырушыларын) басқа мүше мемлекеттердің биржасына жіберу туралы келісім

ЕЭК Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет отырысының 2014 жылғы 3 қазандағы № 2-ТС/ККФ Хаттамасына сәйкес ЕЭК Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін (сауданы ұйымдастырушыларын) басқа мүше мемлекеттердің биржасына жіберу туралы келісімнің жобасын әзірледі. Келісімді әзірлеу пилоттық жоба болып табылады және шектеулерді кезең-кезеңімен алу және ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптарын біріздендіруге бағытталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы құжаттың мемлекетішілік келісілуін аяқтады. Мемлекетішілік келісім қорытындысы бойынша алынған Қазақстан Республикасының ескертулері мен ұсыныстарын қазіргі уақытта ЕЭК қарау үстінде. 

 

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018