link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес

Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Келісілген валюталық саясаты туралы шарттың 2-бабына (2-бап) сәйкес құрылды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шарттың күшіне енуіне байланысты бірқатар халықаралық құжаттардың, оның ішінде 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімнің күші жойылды. Аталған келісім нормалары ЕАЭО туралы шарттың «Валюталық саясат» атты XIV бөліміне және оған № 15 қосымшаға бірігуіне байланысты орын алды. 

Сонымен қоса, ЕАЭО туралы шарттың 64-бабының 3-тармағында «бағамдық саясатты үйлестіруді орталық (ұлттық) банктердің басшыларынан құралған, қызметінің тәртібі жекелеген халықаралық шартта айқындалатын жеке орган жүзеге асыратыны» көзделген. Осыған байланысты қазіргі уақытта Ұлттық Банк Кеңес қызметінің тәртібін айқындайтын халықаралық шартты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Кеңес ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің консультативтік-кеңестік органы болып табылады. Валюталық саясат жөніндегі консультативтік кеңестің негізгі мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің валюталық саясатын үйлестіру, оның ішінде өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталардың пайдаланылуын кеңейтуді қамтамасыз ету үшін бағамдық саясаттың бірыңғай тәсілдері мен бағыттарын әзірлеу болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • валюта саясатын үйлестіру мәселелері бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
  • ішкі валюта нарықтарында тұрақсыздық себептеріне айналуы мүмкін осалдық пен сыртқы күйзелістердің әлеуеттік көздерін сәйкестендіру және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық валюталары бағамдарының өзара ауытқуларын ұлғайту;
  • инфляциялық процестерге қатысты сыртқы күйзелістердің теріс әсерін барынша азайту және жалпы ЕАЭО мүше мемлекеттерде макроэкономикалық орнықтылық  бойынша жағдай жасау және саясат шараларын әзірлеу;
  • өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың пайдаланылуын кеңейтуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Кеңес жұмысына Ұлттық Банк басшылығы (Ұлттық Банк Төрағасы не Төрағаның орынбасары) қатысады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018