link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет

Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет (Комитет) ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 қазандағы 28-ші отырысының қорытындысы бойынша құрылды. Комитеттің қызметі озық халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, қаржы нарықтары саласындағы ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын үйлестіруге бағытталды.  

Комитеттің негізгі міндеттері ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өкілдерімен консультациялар өткізу, ЕЭК Алқасына арналған ұсыныстар, оның ішінде мына мәселелер бойынша халықаралық жалпыға мәлім қағидаттар, стандарттар және ең озық халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

  • ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағында қаржылық қызметтер (банк қызметтері, сақтандыру қызметтері, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер және басқалар) саласындағы үйлестірілген саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  • қаржылық қызметтердің өзара саудасын кеңейту және болашақта біртұтас қаржы нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
  • ЕАЭО бір мемлекетінің аумағындағы, сондай-ақ ЕАЭО басқа мүше мемлекеттер аумағындағы қызметті жүзеге асыратын ЕАЭО мүше мемлекеттер тұлғаларының қаражатын инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • мыналарға: ЕЭК Жоғарғы кеңесінің, Кеңесі мен Алқасының халықаралық шарттарына, шешімдеріне, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізуге қатысу;
  • қаржылық қызметтер саласындағы заңнаманы үйлестіру, қаржы нарықтарында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің кедергілерін, өзге де қолжеткізуге шектеулерді жою және (немесе) барынша азайту; қаржылық қызметтер саласында мемлекеттік реттеу сапасын арттыру;  халықаралық шарттардың жобаларын, ЕЭК шешімдері мен ұсынымдарын әзірлеу; қаржылық қызметтер саласындағы қызметті реттейтін тараптардың заңнамаларын қолдануға қойылатын біртекті тәсілдерді қамтамасыз ету; ЕЭК пен тараптардың қаржылық қызметтер саласындағы уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру; бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері мен қаржы нарықтарын дамыту саласындағы тараптардың уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру; мониторинг жүргізу және оның орындалуын бақылау тәртібін және ЕАЭО шарттық-құқықтық базасын қамтитын халықаралық шарттардың, Жоғарғы кеңес пен ЕЭК қабылдаған шешімдердің ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Комитеттің жұмысына Ұлттық Банктен Ұлттық Банктің Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Н.А. Абдрахманов қатысты.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018