link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өкілдерімен консультациялар өткізу, ЕЭК Алқасына арналған қорытындылар мен ұсыныстар дайындау және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдерінің жобалары бойынша келісілген ұстанымды әзірлеу үшін ЕЭК Алқасы жанындағы Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет (Комитет) құрылды. Комитеттің Төрағасы Ықпалдасудың негізгі бағыттары  және макроэкономика жөніндегі ЕЭК Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Дмитриевна Валовая болып табылады.

Комитет туралы ереже ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 130 шешімімен бекітілді.

Комитет жұмысының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • макроэкономикалық саясатты жүргізуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру;
  • ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экономика және қаржы саласындағы заңнамаларын үйлестіру;
  • макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын әзірлеу;
  • ЕАЭО мүше мемлекеттерінде орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу;
  • ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экономикалық дамуына мониторинг жүргізу мақсатында олардың уәкілетті органдарының ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы;
  • ЕАЭО шарттық-құқықтық базасы шеңберінде мемлекеттердің макроэкономикалық саясат саласындағы  заңнамаларын қолдану.

Ықпалдасудың негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі ЕЭК Алқа мүшесі (Министр) Комитеттің отырыстарына төрағалық етеді,  сондай-ақ оның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Комитеттің жұмысына Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрманов қатысады.   

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018