link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қызметтерді тұтынушыларға
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы статистикасы

Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (КАМС) – бұл мемлекеттік сектордың (мемлекеттік басқару органдары және орталық банк) сыртқы борышынан; мемлекеттік сектор капиталының 50 пайызынан артығын тікелей немесе жанама иеленген немесе басқа да тәсілдермен бақылайтын банктер мен кәсіпорындардың (квазимемлекеттік сектор) сыртқы борышынан; мемлекет кепіл болған немесе кепілдігімен қамтамасыз еткен борыштан тұратын сыртқы борыштың талдамалы категориясы.

КАМС сыртқы борышын жеке талдамалы категорияға бөліп шығару елдің мемлекеттік қаржысының ұзақ мерзімді тұрақтылығын (оның ішінде сыртқы) қамтамасыз етудің маңызды элементі ретінде мемлекеттік сектордың тікелей және әлеуетті борыштық міндеттемелері бойынша сенімді және уақытылы статистиканың қажеттілігіне байланысты.

КАМС сыртқы борышын құрастыру және бағалау «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция нұсқаулығының» 6-шы шығарылымындағы стандартты есептеу қағидалары мен анықтамаларға сәйкес келетін «Сыртқы борышты құрастырушылар мен пайдаланушыларға арналған нұсқаулық» (ХВҚ, 2013) негізінде жүзеге асырылады.

КАМС сыртқы борышы бойынша статистикалық есепте мәліметтерді бөлшектеудің 2 түрі қолданылады: институционалдық секторлар бойынша (мемлекеттік басқару органдары, орталық банк, банктер, басқа секторлар және фирмааралық берешек) және сыртқы борышты өтеу мерзімі бойынша (алғашқы өтеу мерзімі бойынша қысқа және ұзақ мерзімді). Талдау мақсатында мәліметтерді аталғандай бөлшектеу мемлекеттік басқару органдарының, орталық банктің және 100% мемлекеттің меншігіндегі кәсіпорындардың борышын қоспайтын жеке меншік сектордың сыртқы борышына да қолданылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ақпараты (https://www.gosreestr.kz), ұлттық басқару холдингтерінің, құрылтай құжаттары және БАҚ ақпараттары негізінде кәсіпорындар квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып жіктеледі.

КАМС сыртқы борышы бойынша статистикалық есептер тоқсандық кешіктірумен 31 наурыз, 30 маусым, 30 қыркүйек, 30 желтоқсанда, ал қосымша талдамалы кестелер мен ақпараттар – негізгі статистикалық есептер таратылғаннан соң 10 күннен кейін орналастырылады.


Келесі жарияланым: 30.09.2020
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (.xlsx 10/07/2020,  27,08 KB)
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың қалған өтеу мерзімі бойынша сыртқы борышы (Сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің кестесі, Қалған өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді борыш) (.xlsx 10/07/2020,  33,95 KB)
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышының динамикасы (Таза сыртқы борыш, Резиденттер шығарған және резидент еместерге тиесілі борыштық бағалы қағаздар) (.xlsx 10/07/2020,  36,19 KB)
2020 жылғы 1 сәуірдегі кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша аналитикалық ақпарат (елдер, резиденттердің қызмет, cыйақы мөлшерлемелері, кредитор және заем алушы секторлары, валюталар бойынша) (.xlsx, 10/07/2020,  56,35 KB)
  
Төлем балансының статистикасы
Сыртқы борыштың статистикасы
Қазақстан Республикасының сыртқы борышының инфографикасы
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышының статистикасы
Халықаралық инвестициялық позиция
Салым бағыты бойынша тікелей инвестициялар статистикасы
Халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік
Тиімді айырбастау бағамдарының индекстері
Әдіснама
ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы (басылым)
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»
8 (717) 277–55–77
Анықтама қызметі: 8 (717) 277–56–36
e-mail: hq@nationalbank.kz
БАҚ сауалдары үшін арналған e-mail: press@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін: anticorruption@nationalbank.kz
ҚҰБ Тұрақты өкілдігі: A05B0Y8, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67
8 (727) 278–80–00
e-mail: branchalmaty@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2020