link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Өтінішті қалай жазу керек?

жарияланым күні: 08.07.2018

Ұлттық Банктің қарайтын өтініштері:

 - екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, жинақтаушы зейнетақы қорлары қатысушыларының ҚР заңнамасына сәйкес алынған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызметіне қатысты шағымдары бар;

- өтініш берушінің аты-жөні және қойылған қолы (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы көрсетілген фирмалық бланкіде), оның кері мекенжайы  (нақты тұрғылықты жері) бар.

Ұлттық Банктің қарамайтын өтініштері:

- мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнгендігі туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға тез арада қайта жіберуге жататын мәліметтер бар жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiшті;

- мәселенің мәні баяндалмаған өтінішті;

- қайталап берілген өтініштерді, егер оларда жаңа уәждер немесе жаңадан белгілі болған жағдайлар келтірілмесе, ал алдындағы өтініштердің материалдарында тексерудің толық материалы  бар болса және өтініш берушілерге белгіленген тәртіпте жауаптар берілсе;

- көтерілген мәселелер ҚР Ұлттық Банкінің құзыретіне кірмейтін, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеуге алынбаған микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты.

 

Өтініш нысаны

Кімге: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке немесе ҚР

Ұлттық  Банкінің Аумақтық Филиалына 

Кімнен: ____________________________________________

(жеке тұлға - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша

әкесінің аты, нақты мекенжайы, заңды тұлға –атауы,

нақты мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні,

сондай-ақ қалауы бойынша телефондар көрсетілуі

мүмкін)

 

ӨТІНІШ ТҮРІ
(шағым, өтініш, жауап беру, ұсыныс, құжаттардың көшірмелерін алуға сұрау салу, ақпарат алуға сұрау салу)

 

Өтініштің негізі бөлігінде:

·  іс-әрекеттеріне шағым берілген қаржы ұйымының толық атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғаның аты-жөні;

·  өтініштердің және талаптардың себептері көрсетілуі тиіс.

 

20__ жылғы «___»____________                                                                            Қолы ________________________________
                                                                                                                      (не электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

Ескерту:

·  өтініш мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады және кез келген байланыс түрімен (почта, факсимильді, электрондық, телефонограмма) жіберіледі;

·  өтініштің мазмұны еркін нысанда жасалады;

·  өтініш жазбаша (қолмен жазуға) жазылуы және басып шығарылуы мүмкін;

·  өтініш берушінің қалауы бойынша өтінішке қосымша құжаттар мен өтінішті растайтын материалдар (шарттардың, келісімдердің, қаржы ұйымдарымен жазысқан      хат-хабарлардың көшірмелері) қоса берілуі қажет;

·  өтінішті ҚР Ұлттық Банкке немесе ҚР Ұлттық Банкінің Аумақтық Филиалына  қолма-қол беруге болады;

·  өтініштерді қарау мерзімдері «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңында көзделген.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018