1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 24–31 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 31 шілдеде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (414,09-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты.    

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 24 – 31 шілде аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалды, ФРЖ басшысы ОБ ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатындығы және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланылатындығы туралы мәлімдеді. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Д. Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылғы 2-тоқсанда көрсеткішті есептеу басталған кезден бастап АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаларының аса қатты құлдырағаны көрінді.        

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы нашар макроэкономикалық деректер салдарынан АҚШ долларының әлсіреуі аясында 0,2%-ға (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығыстардың өсуінен бюджет тапшылығы қатарынан үшінші айда да рекордтық деңгейде тұр.
  • Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен ІЖӨ-ден 4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді;
  • Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд күтуі кезінде) болды.
  • үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, өзгерген жоқ десе де болады.
  • түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді. ОБ жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.
  • Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреді.   
  • Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубль қаражатының шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.

 

 

Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 17 шілде =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:

+7 (717) 2 775 205

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Жоғарыға