http://nationalbank.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 Инвесторлардың халықаралық апталығын қолдайды

жарияланым күні: 09/10/2017 өзгерту күні: 09/10/2017 18:00

IOSCO 2017 Инвесторлардың халықаралық апталығын аяқтайды

Инвесторлардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігінің және олардың құқықтарын қорғау проблемасы бүкіл әлемдегі қоғамдастықтың назарын аударды

 

2017 жылғы 8 қазан Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) және IOSCO мүшелері ұйымдастырған Инвесторлардың халықаралық апталығының соңғы күні.

 

Апта ішінде 80-нен астам елдің қаржы реттеушілері және қаржы нарығына мүдделі қатысушылар инвесторлардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға, олардың құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға және халықты сауатты инвестор иеленуге тиіс негізгі сипаттамалар туралы хабардар етуге бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізді. Бірқатар маңызды халықаралық ұйымдар Инвесторлардың халықаралық апталығын өткізуді қолдады, олардың арасында IOSCO-ның Азия-Тынық мұхит орталығы (IOSCO’s Asia-Pacific Hub), Инвесторларға білім беру жөніндегі халықаралық форум (International Forum for Investor Education, IFIE) және Қаржылық жоспарлау стандарттары жөніндегі кеңес (Financial Planning Standards Board, FPSB) бар. Мәселен, IOSCO-ның Азия-Тынық мұхит орталығы инвесторлардың және жалпы алғанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру кезінде іс-әрекет экономикасының теориясын тиімді пайдалану бойынша практикалық семинар ұйымдастырды. IFIE Кариб аралдарында ақпараттық науқан өткізді, ол жастардың назарын инвестициялау саласындағы қаржылық сауаттылыққа және білім беруге аударуға бағытталды, ал FPSB Халықаралық қаржылық жоспарлау күнін өткізді. Келесі бірнеше апта ішінде IOSCO Инвесторлардың халықаралық апталығына қатысқан елдерде өткізілген іс-шаралар туралы есептер алуды күтеді.

 

IOSCO басқармасының төрағасы, Гонконгтың Бағалы қағаздар және фьючерстер жөніндегі комиссиясының (SFC) басшысы Эшли Алдер: «Инвесторлардың халықаралық апталығын ұйымдастыру бойынша жұмысқа елдерді тарту деңгейі қатысушылар өткізген іс-шаралардың әртрүлі болуы сияқты, әсер қалдырды. Науқанның табысты болуын IOSCO мүшелерінің және бүкіл әлемнен мүдделі қатысушылардың үздік жұмысы айқындайды» – деп атап өтті.

 

IOSCO бас хатшысы Пол Эндрюс былай деп мәлімдеді: «Инвесторларды хабардар ету және олардың құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды. Қазіргі кезде капитал нарықтары барынша өзара байланысты бола бастауда, цифрлық технологияларды белсенді пайдалануда, бұл инвестициялау саласында білім алу қажеттілігіне және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға себепші болады».

 

IOSCO-ның бөлшек инвесторлар комитетінің төрағасы Жозе Алехандре Васко былай деп мәлімдеді: «Біз Инвесторлардың халықаралық апталығын қолдағандарға және іс-шараға қатысқандарға алғысымызды білдіреміз. Біз қатысушылардан науқанның нәтижелері туралы кері байланысты күтеміз және олардың халықтың инвестициялау және инвесторлардың құқықтарын қорғауды жетілдіру саласындағы білімін арттыру жөніндегі қызметін бастағысы келетін ұйымдарға көмектесетініне сенеміз».

 

Инвесторлардың халықаралық апталығы туралы ақпарат іс-шараның www.worldinvestorweek.org. сайтында ұсынылды.

 

ЕСКЕРТПЕЛЕР

 

IOSCO қаржы реттеушілердің жетекші халықаралық бірлестігі, бағалы қағаздар нарығын реттеудің ғаламдық стандарттарының әзірлеушісі болып табылады. Ұйымның мүшелері 115-тен астам юрисдикцияда әлемдік бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді және бұл цифр өсуін жалғастыруда.

 

IOSCO басқармасы – IOSCO басқарушы органы, оған 34 қаржы реттеушісі кіреді. Гонконгтың Бағалы қағаздар және фьючерстер жөніндегі комиссиясының (SFC) басшысы Эшли Адлер IOSCO басқармасының төрағасы болып табылады. IOSCO басқармасының мүшелері Аргентинаның, Австралияның, Бельгияның, Бразилияның, Қытайдың, Египеттің, Францияның, Германияның, Гонконгтың, Үндістанның, Индонезияның, Ирландияның, Италияның, Ямайканың, Жапонияның, Кенияның, Малайзияның, Мексиканың, Нигерияның, Онтарио провинциясының, Пәкстанның, Перудің, Квебек провинциясының, Сауд Арабиясының, Сингапурдың, Оңтүстік Кореяның, Испанияның, Швецияның, Швейцарияның, Нидерландтың, Түркияның, Ұлыбританияның және АҚШ-тың бағалы қағаздар нарығын қадағалау жөніндегі органдары болып табылады.

 

Өсіп келе жатқан және дамушы нарықтар жөніндегі комитет – ұйымның барлық мүшелерінің 80%-ға жуық мүшесін, оның ішінде G20 елдерінің 11 мүшесін  қамтитын IOSCO-ның аса ірі комитеті. Комитеттің төрағасы – Малайзияның Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның басшысы Ранджит Аджит Сингх. Комитет IOSCO мүше-реттеушілердің отырысы барысында, сол сияқты реттеу мәселелері бойынша жаһандық пікірталастар барысында тәжірибе алмасу мақсатында өсіп және дамып келе жатқан нарықтар өкілдерін біріктіреді. Стратегиялық жоспарда өсіп және дамып келе жатқан нарықтар (басқаларымен қатар) бойынша Комитеттің басты міндеттері тәуекелдерді бағалау, реттеу шараларын әзірлеу және реттеу саласындағы әлеуетті ұлғайту болып табылады.

 

IOSCO Басқармасы бөлшек инвесторлар бойынша Комитеттің 2013 жылғы маусымда
(8-Комитет) құрылуын бекітті. Комитеттің басты міндеті IOSCO бөлшек инвесторларды оқыту жөніндегі стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады. Сондай-ақ орын алған мәселелер бойынша бөлшек инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде IOSCO Басқармасына консультация беру және IOSCO Басқармасының нұсқауларына сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты жүргізу де басты міндет болып табылады. 8-Комитетті Бразилияның бағалы қағаздары мен қор нарығы жөніндегі Комиссия инвесторларының құқықтарын қорғау департаментінің директоры Жозе Алехандре Васко басқарады. 8-комитетке Аргентина, Австралия, Бельгия, Бразилия, Қытай, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Израиль, Италия, Джерси, Люксембург, Малайзия, Мексика, Нидерланд, Нигерия, Онтарио провинциясы, Португалия, Квебек провинциясы, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Сингапур, ОАР, Испания, Шри-Ланка, Тайвань, Таиланд, Түркия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары қаржы реттеушілері кіреді.

 

IOSCO тұрақты комитеттеріндегі жұмыс мыналарға бағытталды:

  • реттеу саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеу және оларды сақтауға жәрдем ету, инвесторлардың құқықтарын қадағалау және қорғау, қаржы нарығының жұмыс істеуінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жүйелі тәуекелдерді төмендету мақсатында  IOSCO мүше-реттеушілердің өзара іс-әрекеті;
  • инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және олардың қаржы нарығына деген сенімін ақпараттық алмасуды дамыту есебінен арттыру және  қаржы нарығындағы заңға қайшы іс-әрекеттермен күресудегі ынтымақтастық, сондай-ақ нарық делдалдарын қадағалаудың тиімділігін арттыру;
  • қаржы нарығын дамытуға жәрдем ету, нарықтық инфрақұрылымды нығайту және тиісті реттеуді жүзеге асыру мақсатында жаһандық және өңірлік деңгейде тәжірибемен алмасу.