http://nationalbank.kz

Валюталардың ресми бағамдарына байланысты ақпаратты хабарламалар

жарияланым күні: 12/02/2016 өзгерту күні: 12/02/2016 16:10

2016 жылғы 5 қаңтардан бастап ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы мынадай болады: қор биржасының таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) екі сессияларының қорытындысы бойынша Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Басқа шетел валюталары бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Астана уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұранысқа баға белгіленуіне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына қатысты кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2008 жылғы 3 желтоқсаннан бастап теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамдарында Жапон йенасы бойынша есептеу базасы JPY 1-ден JPY 10-ға өзгертілгенін хабарлайды.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан теңгесінің Тәжік сомониға қатысты ресми айырбас бағамы бойынша ақпарат 2011 жылғы 29 наурыздан бастап берілгенін хабарлайды. 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 25 ақпаннан бастап теңгенің шетел валюталарына қатысты ресми бағамында мына валюталар бойынша есептеу базасы: Беларусь рублі 1 BYR-ден 100 BYR-ге, Венгр форинті 1 HUF-тен 10 HUF-қа, Өзбек сомы 1 UZS-ден 100 UZS-қа өзгертілетінін хабарлайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми тізімі үш валютамен: Әзірбайжан манатымен, Тай батымен және Үнді рупийімен толықтырылатынын хабарлайды.