link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Сәулет және тарихи ескерткіштер монеталар сериясы

жарияланым күні: 28.03.2003

"БАБАЖИ-ХАТУН КЕСЕНЕСI"

номиналы 500 теңге

2002 жылғы 23 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Кесене көне қараханид кезеңіндегі ескерткіштерге жатады. Ғимараттың бірегей жобамен салынуы оны көптеген зілзаладан аман сақтап қалды.

Оңтүстік Қазақстан. Х -ХІ ғ.ғ.

   

Монетаның бет жағына (аверс) БАБАЖИ-ХАТУН кесенесінің кірпішпен өрілген қабырғасының бөлігі бейнеленген жерге монета номиналын білдіретін "500" саны жазылып, оның астына "ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Монетаның жоғары және төменгі жағына ұлттық ою-өрнектің элементтері жарқыратып салынған.

Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деп жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) орталық бөлігіне салынған ағаштардың жоғарғы жағына мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "КЕСЕНЕСІ - MAUSOLEUM" деген сөздермен көмкерілген БАБАЖИ-ХАТУН кесенесінің қас беті бейнеленген. Сол жақ бөлігіне монета жасалған металл, сынамы мен салмағын көрсететін "Ag 925 24 gr." деген жазу бар. Монетаның оң жақ төменгі бөлігінде кесененің жобасы, ақшаның соғылған жылын білдіретін "2002" саны және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде "BABAJI-KHATUN" және мемлекеттік тілде "БАБАЖИ-ХАТУН" деп жазылған. Жазулар кесененің қас бетіндегі қуыстарға қаланған плиталардағы ою-өрнектердің фрагменттерімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"АЙША-БИБІ кесенесі"

номиналы 500 тенге

2003 жылғы 31 қазанда айналысқа шығарылды.

АЙША-БИБІ кесенесі - ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ.

   

Монетаның бет жағына (аверсіне) ортасына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, оның астына сәнді қаптаманың фрагменті бейнеленген. Номиналдың астына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деп айналдыра жазылған. Жазулар бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта тұсына АЙША-БИБІ кесенесінің қас бетінің бейнесі салынған. Қас бетінің үстіңгі жағына мемлекеттік тілде "КЕСЕНЕСІ" және ағылшын тілінде "MAUSOLEUM" деген жазулар екі жолға орналастырылған. Оң жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 24 gr." және монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" деген жазулар бар. Монетаның сол жақ тұсына кесененің нобайы салынып, оның жоғарғы тұсына архитектуралық ескерткіштің қай ғасырда салынғанын білдіретін "ХІ" рим сандары жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген және монетаның жоғарғы тұсына "АЙША-БИБИ" және төменгі бөлігіне "AISHA-BIBI" деп жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) тегіс, бедерлер мен жазулар жоқ.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"Тас мүсіндер".

номиналы 500 теңге.

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Тас мүсіндер – Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде кездесетін жұмбақ  табиғатқа табынушылықтың мегалитикалық ғимараттары.

   

Монетаның бет жағына (аверсіне) түркі халықтары әлемін байланыстыратын символ – "Өмір шежіресі" бейнеленген. Оң жақ бөлігіне екі жолға  монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Сол жағында   монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925  24 gr." деген жазу және Қазақстан теңге сарайының   тауар белгісі бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген  жазулар нүктелермен бөлініп, айналдыра жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортасына тас мүсіндер бейнеленген  композиция орналастырылған. Композицияның оң жағында монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны бар. Мемлекеттік тілде "ТАС МҮСІНДЕР" және ағылшын тілінде "THE ROCK STATUES" деген  жазулар нүктелермен бөлініп, айналдыра жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы – 3 мың дана.


"Жошы хан Кесенесi".

номиналы 500 теңге.

2005 жылғы 22 қарашада айналысқа шығарылды.

Жошы хан кесенесі (ХІV ғасырдың басы) Орталық Қазақстанның  сақталған ортағасырлық  әшекейлі-күмбезді кесенелерінің бірі және болжаммен алғанда ең көнесі болып табылады.

   

Монетаның бет жағына (аверсіне) сол жақ бөлігіне монетаның номиналын білдіретін “500 ТЕҢГЕ” деген жазу екі жолға орналастырылған. Төменгі бөлігінде Жошы хан кесенесі күмбезінің бейнесі, жоғары бөлігінде монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Ag 925 24 gr.» жазулар және  оның астында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орталық бөлігіне Жошы хан кесенесінің бейнесі, оның сол жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және архитектуралық  ескерткіш қойылған ғасырды білдіретін «ХІV» деген рим саны жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2005» саны бар. Жоғары бөлігінде монетаны айналдыра ағылшын тілінде «ZHOSHI KHAN MAUSOLEUM» және мемлекеттік тілде «ЖОШЫ ХАН  КЕСЕНЕСІ» деп жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы – 3 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018