link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қолданбалы өнер монеталар сериясы

жарияланым күні: 28.03.2003

Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған "Қолданбалы өнер" монеталар сериясы

Монета номиналы 500 теңге

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.


"Нарқобыз"

2001 жылғы 25 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Нарқобыз деп бақсылардың ең үлкен қобызын айтады. Ол жер бетіндегі қыл шекті музыкалық аспаптардың ішіндегі ең ежелгі түрі болып есептеледі.

   

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы сол жақ күңгірт бөлігіне оның құнын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы, монетаны айналдыра қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" жазуы орналастырылған. Жиегіндегі жазулар мен сандар ойылып жазылған. Оң жақтағы жалтыраған бөлігінде экзотикалық ағаштың көлеңкесінде кілем үстінде қобыз тартып отырған қарт абыз бейнеленген. Монетаның жоғарғы және төменгі бөлігінде 90 градусқа бұрып жазылған және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын көрсететін тиісінше "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) оң жақ жалтыраған бөлігіне қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - Нарқобыз бейнеленген. Ортасына - композитор Ахмет Жұбановтың "Қарлығаш" әнінің нотаға түсірілген фрагментінің станы бейнеленген. Монетаның сол жақ күңгірт бөлігіне айналдыра - қазақ және ағылшын тілдерінде "НАРҚОБЫЗ - NARKOBYZ" деген жазу бар. Әріптер ойылып жазылған. Жоғарғы бөлігіндегі 90 градусқа бұрып жазылған "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді, төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Таралымы - 3 мың дана.


"Домбыра"

2002 жылғы 16 қаңтарда айналысқа жіберілді.

Күміс монетаның сипаттамасы:

"Домбыра" ескерткіш күміс монета қазақтың ұлттық аспаптарының тақырыбын жалғастыратын екінші күміс монета болып табылады.

Домбыра - қазақтың ежелгі ұлттық музыкалық аспаптарының бірі. Оны "Дала музыкасының падишасы" деп бекер айтпаған.

   

Монетаның бет жағына (аверсіне) шеңбердегі сол жақ бөлігіне екі жолға оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Номиналдың астында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар бар. Тегіс бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және жалтыраған бетіне ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің оң жақ бөлігіне бұтақ жайған ағаштың астында домбыра шертіп отырған қарт адам бейнеленген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - домбыраның үш түрі бедерленіп бейнеленген. Монетаның жоғарғы оң жақ бөлігіне - ноталар өріліп жазылған және оның астына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Жоғарғы жағында тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін "2002" саны бар. Сол жақ бөлігіне, тегіс бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "ДОМБЫРА - DOMBRA" деген жазу айналдыра жазылған. Әріптер ойылып түсірілген.

Таралымы - 3 мың дана.


"Аса таяк"
.

2003 жылғы 30 қаңтарда айналысқа жіберілді.

Аса таяқ - бұрынғы ата-бабамыздан қазіргі заманға жеткен, өзіне тән дыбысы бар қазақтың ежелгі ұлттық музыкалық аспабы. Ол музыкалық сүйемелдеуде қолданылады.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) сол жақ бөлігіне екі жолға оның  номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Орта тұсына қолында аса таяқ музыкалық аспабын ұстаған қазақтың ұлттық киіміндегі қыздың бейнесі салынған. Оң жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар бар. Тегіс бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және күңгірт бетіне ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – аса таяқтың төрт түрі бейнеленген. Оң жақ тұсына тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін  "2003" деген сан жазылған. Монетаның сол жақ жоғарғы тұсына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Сол жақ бөлігіне, күңгірт бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "АСА ТАЯҚ - ASSA TAYAK" деген жазу айналдыра ойылып жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Таралымы – 3 мың дана.


"Жетіген"

2004 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.

Жетіген - өзінің бастапқы түрін осы күнге дейін сақтап келген қазақтың шекті музыкалық аспабы.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) сол жақ бөлігіне екі жолға оның  номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның оң жағына монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар айналдыра жазылған. Күңгірт бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және жалтыраған бетіне  ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің оң жақ бөлігінде жетігенде ойнап отырған қыз бейнеленген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – жетігеннің екі түрінің бедерлі бейнесі және нота станының бейнесі орналастырылған. Монетаның жоғарғы оң жақ бөлігіне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Реверсінің орта тұсына тігінен монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Сол жақ бөлігіне, күңгірт бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "ЖЕТІГЕН ● ZHETIGEN" деген жазу айналдыра жазылған. Әріптер ойылып жазылған.

Таралымы – 3 мың дана.


"Адырна"
.

2005 жылғы 9 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Адырна – көп ішекті көне музыкалық аспап. Көне түркілер мен қыпшақтарда әйгілі болған. Зерттеушілер оның садақпен ұқсастығын атап өтеді.

   

Монетаның  бет жағының (аверсінің) орталық бөлігіне адырна музыкалық аспабында ойнап отырған қарт абыздың бейнесі және монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Күңгірт бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925 24 gr." деген жазу ойылып жазылған. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – адырнаның екі түрі бедерленіп бейнеленген және  стильді нота мүсінінің бейнесі салынған. Монетаның сол жақ  бөлігінде тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін "2005" саны орналасқан. Төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  логотипі бар. Сол жақ бөлігіндегі  күңгірт бетіне ағылшын тілінде "ADYRNA" және   мемлекеттік тілде "АДЫРНА"   деген жазулар ұлттық ою элементімен бөлініп  жазылған.  Әріптер және ұлттық ою элементі ойылып түсірілген.

Таралымы – 3 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018