link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан Петроглифтер монеталар сериясы

жарияланым күні: 27.03.2003

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған.


"Көк тәңірі"

2000 жылы 22 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Тенги (көк тәңірі) - ер тәңірі.

Тамғалы шатқалы, Шу - Іле тауларының оңтүстік сілемдері, Қола дәуірі, тамғалы дәстүрі, б.э. дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

   

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнек элементтерімен бірге монетаның құнын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның жоғарғы жағына - спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2000" саны орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) стильді тас плитаға Тамғалы шатқалындағы Көк тәңірінің бейнесі салынған. Монетаның сол жақ бөлігіне оның неден жасалғанын, оның сынамы мен салмағын көрсететін "Ag 925 24 gr" деген жазу, оң жағында - Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, оған қазақ тілінде "КӨК ТӘҢІРІ" "ТАМҒАЛЫТАС" және ағылшын тілінде "THE SUN GOD" "THE TAMGALYTAS" деп жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"Ұмай"

2001 жылғы 29 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Умай - әйел құдайы - от басының, балалардың, өнердің қамқоршысы.

Кудырге шатқалы, Таулы Алтай. Ежелгі көшпенділер, VI-VIIІ ғ-ғы көне түркі салт-дәстүрі.

   

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнекпен бірге оның номиналын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және монетаның шығарылған жылын көрсететін "2001" саны орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) стильді тас плитаның үстіне "Ұмай" құдайы (Кудырге шатқалы) бейнеленген. Монетаның сол жақ бөлігінде 90 градусқа бұрып жазылған және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925 24 gr.", оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазулар бар. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҰМАЙ - ТАУЛЫ АЛТАЙ" және ағылшын тілінде "UMAI - MOUNTAIN ALTAI" жазулары орналастырылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"Белгi"

2002 жылғы 14 қазанда айналысқа жіберілді

Бұл атаудың мағынасы мынадай ұғымды білдіреді - "Дүниеге келу белгісі", "Тіршілік белгісі", "Бастау белгісі".

Оңтүстік Шығыс Балқаш маңы.

Қола ғасыры. Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

   

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнек элементтеріне монетаның номиналын білдіретін "500" саны орналастырылған және оның астына "ТЕҢГЕ" деп жазылған. Монетаның үстіңгі бөлігінде - спиральдің геральдикалық бейнесі. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген жазу және монета жасалған жылды білдіретін "2002" сандары орналастырылған. Жиекке ойып жазылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) стильді тас плитаның үстіне біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысымен "Белгi" суреті орналастырылған Монетаның сол жақ бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ТАҢБАЛЫ БЕЛГI" және ағылшын тілінде "THE SIGN TANBALY" жазылған. Жиекке ойып жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"Түркі әскері"

2003 жылғы 30 маусымда айналысқа шығарылды.

Уақытты қабылдау тұтастығы дала жауынгерінің тұтас бейнесін айқындады. Жер бетіндегі қуаныш үшін өмір сүру, айқаста өлу..

Ойжайлау шатқалы, Кіндіктас тауы, Оңтүстік Қазақстан. Кейінгі көшпенділер,  VI-VIII ғ.ғ. ежелгі түркі дәстүрі.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнектің үстіне "500" саны, оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде - спиральдың геральдикалық бейнесі,  оның қандай металдан жасалғанын, сынамын және салмағын білдіретін "Ag 925  24 gr." деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ кант жүргізілген, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және бедерленген жылын білдіретін "2003" саны орналастырылған. Канттағы жазулар ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) пішінделген тас тақтаның бетіне біздің дәуірімізге дейінгі VI-VIII ғасырлар белгіленіп, жартастағы суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ОЙ-ЖАЙЛАУ - ТҮРКІ ӘСКЕРІ"  және ағылшын тілінде "OI-JAILAU - TURK WARRIOR" деген жазулар орналастырылған. Канттағы жазулар ойылып жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.


"Ойшыл"

2004 жылғы 1 қазанда айналысқа жіберілді

Тамғалы шатқалы, Шу-Іле тауларының оңтүстік шеті.

Қола дәуірі, Тамғалы дәстүрі, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

   

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнектің үстіне монетаның номиналын білдіретін "500" саны және оның астына "ТЕҢГЕ" деп жазылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынып, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." жазулары және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ"  деген жазу және оның соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан орналастырылған. Канттағы жазулар ойып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) стильді тас тақтаның үстіне біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысымен күні жазылған тастағы суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ТАМҒАЛЫТАС ● ОЙШЫЛ"  және ағылшын тілінде "TAMGALYTAS ● THE THINKER" деген жазу орналастырылған. Канттағы жазулар ойып жазылған.


"Салт атты"

2005 жылғы 2 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Айрақты тауы, Маңғыстау. Соңғы көшпенділер, адай дәстүрі, ХҮІІІ – ХІХғғ. Деталь.

   

Монетаның бет жағының (аверсінің)  ұлттық  ою-өрнек элементінің аясына “500” саны және монетаның номиналын білдіретін  «ТЕҢГЕ» жазуы орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігіне – спиральдың геральдикалық бейнесі, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін “Ag 925 24 gr”жазуы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.  Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2005» саны жазылған. Монетаны айналдыра  тас плита түрінде жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер  жазылған.  Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі) айналы бетіне ХҮІІІ – ХІХ ғғ. жартас суреттерінің бейнелері  орналасқан.  Монетаны айналдыра тас плита түрінде жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “САЛТ АТТЫ • АЙРАҚТЫ ТАУЫ” және ағылшын тілінде “HORSEMAN” • AIRAKTY MOUNTAIN” деген сөздер  жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Таралымы – 3 мың дана.


"Арба"

2006 жылғы 1 шілдеден айналысқа жіберілді.

Бұл монетаның дизайнында «Арба» петроглифінің деталі пайдаланылды. Арпаузень шатқалы, Қаратау жотасы; Оңтүстік Қазақстан; Қола дәуірі. Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

   

Монетаның бет жағына  (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді. Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Монетаның сырт жағының  (реверсіне) айнадай жалтыраған бетіне уақыты біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы деп белгіленген жартастағы «Арба» атты суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стиліне ұқсатылып, жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «АРБА • АРПАӨЗЕН ШАТҚАЛЫ» және ағылшын тілінде «CHARIOT • ARPAUZEN TRAST» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Таралымы – 3 мың дана

 

"Acыл Бұғы"

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа жіберілді

«Асыл бұғы» ескерткіш күміс монетасы жартаста салынған, көне заманнан біздің уақытымызға дейін жеткен суреттерге арналған серияның сегізінші монетасы болып табылады. Осы монетаның дизайнында «Асыл бұғы» петроглифі пайдаланылды. Теректі өзінің алқабы, Хантау тауы, Балқаш көлінің Оңтүстік Батыс өңірі. Неолит – қола ғасыр.

   

Монетаның бет жағына  (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді. Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильденген тас тақта аясында жартасқа салынған «Асыл бұғы» суреті бейнеленген. Монетаны айналдыра тас тақта түрінде стильденген, мемлекеттік тілде «ТЕРЕКТІ АЛҚАБЫ • АСЫЛ БҰҒЫ» және ағылшын тілінде «TEREKTY VALLEY • NOBLE DEER» деген жазу жазылған жалпақ көмкерме орналасқан. Көмкермедегі жазулар ойып жазылған және аралары нүктелермен бөлінген.


Таралымы – 3 мың дана.

 

  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018