link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

«Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы

«Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МКБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі №213 Қаулысының негізінде шығарылған, бірден-бір құрылтайшының 2012 жылғы 7 тамыздағы №1 шешімімен құрылды. МКБ – дауыс беретін акцияларының 100%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
МКБ қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
МКБ қызметінің қосымша түрлеріне мыналар жатады:
•    кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыруға пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы іске асыру;
•    кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды іске асыру;
•    кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
•    кредиттік тарих субъектiлерiнің кредитті төлеу қабілеттілiгiнің өздері әзiрлеген әдiстеменің негiзiнде жүзеге асырылатын бағасы;
•    маркетингтік және статистикалық зерттеулер;
•    Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу (2017 жылдың 1 шілдесінең бастап іс жүзіне асырады).
 

Басшы:

Басқарма Төрағасы – Беков Айдос Серикович

МКБ орналасқан жері:  Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы,136
Интернет-ресурс:                   www.mkb.kz
Электрондық пошта:              info@mkb.kz
Байланыс телефондары:        +7 (727) 352 75 70, +7 (727) 352 75 75
Факс:                                    +7 (727) 352 75 71

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017