link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы

жарияланым күні: 27.03.2003

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді)

Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан, "proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.

Ортада Абай Құнанбайұлының қырынан түскен бейнесі салынған. Бейненің оң жағы мен сол жағында оның өмір сүрген жылдарын білдіретін "1845- 1904" сандары жазылған. Монетаның жоғары жағында радиус бойымен "АБАЙ. ИБРАhИМ. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ" деген жазу бар. Төменгі жағында - Абай шығармаларының желісі бойынша көп бейнелі композиция салынған.

"АНА"

"Ана" деп аталатын монетаның бетіне қолына бала ұстап отырған ананың бейнесі салынған. Бұл бейне Абай жан тебіренте жырлаған барлық адамға ортақ тақырып - ана махаббаты туралы тақырыпты ашады. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның бедерлі сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

"МЕДРЕСЕ"

"МЕДІРЕСЕ" деп аталатын монетаның бет жағына болашақ ағартушы білім алған Семей қаласындағы медіресенің - сәулет ғимаратының бейнесі салынған. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген

"БҮРКІТШІ"

"БҮРКІТШІ" деп аталатын монетаның бет жағына аңшы-бүркітшінің бейнесі салынған. Бүркітпен аң аулау тәсілі бағзы заманнан келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ерліктің, батылдықтың, күштіліктің белгісі болып саналады. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

"МАХАББАТ"

"МАХАББАТ" деп аталатын монетаның бет жағына алтыбақанда отырған қыз бен жігіттің бейнесі салынған. Ақын шығармаларындағы мәңгілік махаббат тақырыбы осы монетаның бетінде өз көрінісін тапқан. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

"КӨШ"

"КӨШ" деп аталатын монетаның бет жағына киіз үйдің жанында тұрған ақсақалдың бейнесі салынған. Ақсақал бейнесінде қарттықтың салиқалылығы арқылы халқымыздың ұлылығы, даналығы, рухы көрінеді. Бұл бейне ақын жүрегіне тым жақын. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018