link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Айналыста жүретін монеталар

жарияланым күні: 27.03.2003

Номиналы 100 теңгелік монета

2002 ж.01.07 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 24,5 мм

Қалыңдығы - 1,95 мм

Массасы - 6,65 гр

Қыры - "СТО ТЕНГЕ ЖҮЗ ТЕҢГЕ" деген жазумен бедерленген

Биколорлы (құрамды) монета үйлестіріле орналасқан сақина дискіден тұратын шеңбер формасында. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта "ҚҰБ" деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін датасы "2002". Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 50 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

  

Диаметрі - 23 мм

Қалыңдығы - 1,6 мм

Массасы - 4,7 гр.

Қыры бедерленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "50" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 20 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 18,27 мм

Қалыңдығы - 1,6 мм

Массасы - 2,9 гр.

Қыры бедерленген

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "20" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 10 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 19,56 мм

Қалыңдығы - 1,3 мм

Массасы - 2,81 гр.

Қыры тегіс

Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "10" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 5 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 17,27 мм

Қалыңдығы - 1,3 мм

Массасы - 2,18 гр.

Қыры тегіс

Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "5" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында бір-бірін қайталай орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 2 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 16 мм

Қалыңдығы - 1,3 мм

Массасы - 1,84 гр.

Қыры тегіс.

Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "2" саны орналастырылған.   Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында  бір-біріне қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Номиналы 1 теңгелік монета

1998 ж.11.11 айналысқа шығарылды.

   

Диаметрі - 15 мм

Қалыңдығы - 1,3 мм

Массасы - 1,63 гр.

Қыры тегіс

Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.

Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "1" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.

1993 ж. үлгідегі теңгенің монеталары

1995 ж.21.10 айналысқа шығарылды.

Монеталар ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.

Ақшаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Монетадағы бейнелер - біздің даламызда мәдениеті мыңдаған жылдар бойын дамып келген көшпенділердің сүйікті кейіпкерлері. Олар көшпенділер өркениетінің алғашқы мемлекеттік құрылымының нақты көрінісін, қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың идеологиясы мен тұрмысын айқын бейнелейді.

"Арқар" - бүкіл Еуразия көшпенділері қастерлейтін аң. Өмірдің күннен және жарықтан басталатыны туралы қасиетті ұғым сонымен байланысты. Арқардың өзі, оның иір мүйіздері (қошқар мүйіз) қазақ фольклорының кең тараған аңыздық сюжеттерінің бірі. Бұл бейне Есік қорғаны ескерткіштерінен алынған ( біздің дәуірімізге дейінгі VI- IV ғасырлар).

"Қасқыр" (бөрі) - көне таңбалық бейне, оған ежелгі сақтар да табынған. Оның бейнесі біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы Алтай ескерткіштерінен алынды. Қасқырды біздің бабаларымыздың батылдығы мен тектілігінің белгісі ретінде күллі түрік халқы құрмет тұтады.

"Арқау" - өсу белгісін, сарқылмас күшті, өмірлік қуатты білдіреді. Қолдың геральдикалық белгісі - адамның дүниеге, барша тіршілік атаулыға құшақ жаятындығының нышаны.

"Барыс" - Шығыс мәдениетіндегі ең танымал бейнелердің бірі. Ол әрқашан адамды тылсым күштерден қорғайтын наным қызметін атқарып келген. Сонымен бірге бұл бейнеде осы аңның алғырлығына, күші мен әбжілдігіне табыну көрініс тапқан. Бұл бейне Есік қорғанынан табылған бұйымдардан алынды.

"Құс" - бұл аспан мен күннің жалпы адамзаттық бейнесі. Еуропадан Қытайға дейін жиі қолданылатын пазарық мәдениетінің ер-тұрман әбзелдеріндегі әтеш кескіні ежелгі заманнан біздің кезімізге дейін адамдарды түрлі күнәдан, зұлымдық пен былықтан сақтап келеді. Ғалым Л.Я.Штернбергтің пайымдауынша, әтеш - "таңды алғаш қарсы алушы" болып табылады.

1993 жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.

Номиналы (теңге)

Диаметрі,
(мм)

Қалыңдығы
(мм)

Массасы
(гр)

Қыры

1
3
5
10
20

17.27
19.56
21.87
25.00
31.00

1.3
1.6
1.7
2.0
2.0

2.26
3.48
4.71
7.43
11.37

тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
бедерлі

Құны 1; 3; 5 теңгелік монетаның бет жағы (аверс) шеңбердің ішінде монета номиналын көмкерген он алты қырлы өрнекті рәміз бейнеленген. Номиналдың сол жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған, ал оң жақ төменгі бөлігінде "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Айналасы моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверс):

- 1 теңге -монетаның орта шенінде салт-дәстүріміздегі аң - арқардың мифтік бейнедегі басы кескінделген. Оң жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған.

- 3 теңге - монетаның шенінде қасқырдың (бөрінің) сәндік-мифтік бейнесі кескінделген. Төменгі бөлігінде, бөрінің жоғары жағында қолдың геральдикалық бейнесі. Сол жағына"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

- 5 теңге - орта шенінде барыстың өрнекті-мифтік бейнесі кескінделген. Сол жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

Құны 10; 20 теңге монеталардың бет жағының жоғары жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның оның астында екі жол етіп жазылған "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері салынған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Айналдыра кант жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверс):

- 10 теңге - орта шенінде мифтік құстың бейнесі кескінделген. Жоғарғы бөлігінде геральдикалық арқау бейнесі. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

- 20 теңге - монетаның ортасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің суреті бейнеленген. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

Назар аударыңыз:

Бұл номиналдардың  монеталары 2008 жылғы 1 қазаннан бастап заңды төлем күшін жойды және қазіргі уақытта айырбастауға қабылданбайды.

 

1993 жылғы үлгідегі металл тиындар

1994 жылы айналысқа шығарылған

Монеталар сары түсті Л-80 қоспасынан жасалған.

Бет жағының (аверс) ортасында монета номиналын көмкерген сегіз қырлы өрнекті рәміз бейнеленген. Номиналдың астында "ТИЫН" деген жазу бар. Төменгі жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған. Сегіз бүйірлі розетканың алты қыры ұлттық ою-өрнектің декоративті элементтерімен өрнектелген.

Монеталардың сыртқы бетінің (реверсінің) орта бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған. Айналдыра кант жүргізілген.

Монеталардың беті мен сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Монеталардың параметрлері.

Номинал
(тиын)

Диаметрі
(мм)

Қалыңдығы
(мм)

Массасы
(гр)

Қыры

2
5
10
20
50

17.27
17.27
19.56
21.87
25.00

1.3
1.3
1.6
1.7
2.0

2.26
2.26
3.48
4.71
7.43

тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс

Назар аударыныз

Қазақстан Республикасы Президентінің " Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 жарлығымен қолма-қол ақша белгілерін-тиындарды ақша айналымынан алудың мынадай тәртібі белгіленді:

Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады.

Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы №57 қаулысымен бекітілген, қолма-қол ақша белгілерін-тиындары ақша айналымынан алу ережесі ақша белгілері-тиындары айналымнан алудың мынадай тәртібін белгілейді:

Екінші деңгейдегі банктер:

1) заңды және жеке тұлғаларға операциялық кассалардан қолма-қол тиындар беруді тоқтатуға;

2) клиенттерден ешқандай шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін операциялық кассаға қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз етуге;

3) заңды және жеке тұлғалардан бір теңгеге дейінгі қолма-қол тиындарды айналымдағы ақша белгілерінің басқа түрлеріне ешқандай шектеусіз қабылдауға және айырбастауға міндетті;

4) қолма-қол тиындар сомасы теңгемен айырбастау үшін жеткіліксіз болған кезде қолма-қол тиындар клиенттің банктік есепшоттарына есептелуі мүмкін. Күмәнді және төленбейтін тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады;

5) операциялық кассадағы қолма-қол тиындардың қалдығын Ұлттық Банктің филиалдарына тапсыруға міндетті.

Ұлттық Банктің филиалдары:

1) екінші деңгейдегі банктерге, заңды және жеке тұлғаларға айналым кассасынан қолма-қол тиындар беруді тоқтатады;

2) Ұлттық Банктің эмиссия-кассалық операцияларын жүргізу және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолма-қол ақшасыз баламаны екінші деңгейдегі банктердің тиісті банктік есепшоттарына кейіннен аудару арқылы екінші деңгейдегі банктерден және Ұлттық Банкте банктік есепшоттары бар заңды тұлғалардан қолма-қол тиындарды айналым кассасына шектеусіз қабылдайды.

Қазақстан Республикасының ақша айналымынан қолма-қол тиындарды алудың шектеу мерзімі белгіленбейді және олар ақша айналымынан толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.

Ұсақ номинал-тиындар алғашқыда қағазға басып шығарылды.

1993 жылы айналысқа шығарылған

1995 жылғы 30 желтоқсазаннан бастап заңды төлем күшін жойды және қазіргі уақытта айырбастауға қабылданбайды.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018