link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

50 теңге, 20 теңге, 10 теңге, 5 теңге, 3 теңге, 1 теңге

   50 теңге

   Көлемі 144х69 мм

   Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Әбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.

   Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Әбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген.

   20 теңге

   Көлемі 144х69 мм

   Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.

   Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген.

   Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген.

   10 теңге

   Көлемі 144х69 мм

   Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты және және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар.

   Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен Шоқан Уәлихановтың бейнесі салынған.

   Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген

   5 теңге

   Көлемі 144х69 мм.

   Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.

   Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.

   3 теңге

   Көлемі 144х69 мм.

   Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.  Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.

   Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.

   1 теңге

   Көлемі 124х62 мм.

   Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті сурет бар.

   Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген.

Назар аударыңыздар:

«Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысына сәйкес 2006 жылғы 15 қарашадан  бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1993 жылғы  үлгідегі номиналы 1 теңгелік, 3 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік, 20 теңгелік, 50 теңгелік банкноттары ақша айналысынан  алынды.

Осы банкноттарды  айырбастау 2012 жылғы 14 қарашада аяқталды.

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018