link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Мүлікті жария ету
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Жазылу

  

Ақша-кредит саясатының 2012 жылға арналған негізгі бағыттары

жарияланым күні: 06.03.2012
 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 47 қаулысымен

мақұлданған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ

2012 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Кіріспе

2011 жылы әлемдік экономиканың даму динамикасы Еуроодақ елдерінің және АҚШ-тың, сондай-ақ экономикалық дағдарысқа көбірек ұшыраған басқа елдердің орталық банктері мен үкіметтері қабылдаған шаралардың оның салдарларын уақытша әлсіретуге ғана әкелгенін, бірақ дағдарысты еңсере алмағанын көрсетті. Бұдан басқа коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етуден тұратын қабылданған шаралар осы саясаттың қисынды қорытындыларына,  көбіне инфляцияны ынталандыруға әкеледі.

2007-2008 жылдары АҚШ-тан бастау алған бастапқы дағдарыс күшімен салыстырғанда қазіргі сәтте еуроаймақ елдерін дағдарыс «толқуларының» кіндігі деп санауға болады. Аймақтар арасындағы терең өзара тәуелді қаржы-экономикалық қатынастардың салдарынан олардың біріндегі экономикалық ахуалдың теріс оқиғалары бірден басқа аймақтарда тізбектеліп орын алуына итермелейді.

Алдын ала деректер бойынша бірыңғай еуропалық валютаның (еуро) айналыс аймағындағы ЖІӨ 2011 жылғы 3-тоқсанда 0,2%-ға өсті. Бұл 2009 жылғы рецессиядан кейінгі қайта қалпына келу уақытынан бергі ең нашар көрсеткіш болды. Перифериялық елдердің тәуелсіз борыштары айтарлықтай күйінде қалып отыр және банкроттықтың бүтін ел деңгейіндегі перспективасы да шындыққа айнала бастауда.

2010 жылғы мамырда Еуроодаққа мүше елдер еуропалық борыш дағдарысымен күрес жөніндегі арнайы мақсаттағы компания – Еуропалық  қаржылық тұрақтылық қорын (бұдан әрі – ЕҚТҚ) құру туралы шешім қабылдады. ЕҚТҚ жұмысы экономикалық қиындықтар кезінде еуроаймақ мемлекеттеріне қаржылай көмек көрсету арқылы Еуропада қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Көмек көбіне Азия елдерінен күтіледі.

2011 жылғы қыркүйекте Еуропа Орталық Банкі (бұдан әрі – ЕОБ)  АҚШ ФРЖ-мен, Англия Банкімен, Жапонияның Орталық Банкімен және Швейцарияның Орталық банкімен бірлесіп өтімділікпен проблемалардың алдын алу үшін доллармен үш айлық кредиттер беру туралы жариялады. Бұл іс-қимыл еуропалық банктерді қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Төлемдер жасамау дағдарысын болдырмау және экономикалық өсуді  ынталандыру үшін АҚШ Федералдық резервтік жүйесі (бұдан әрі АҚШ ФРЖ) 2008-2011 жылдары шамамен көлемі 1,6 трлн. АҚШ долл. болатын екі жеңілдету бағдарламасын жүргізді. Ақша-кредит саясатының құралы ретінде сандық жеңілдету бағдарламасын мемлекеттер елдің пайыздық ставкасы өте төмен болған жағдайда, ол арқылы ұлттық валютаның бағамын төмендету және    ақша массасын көтеру үшін мүмкіндік болмаған кезде пайдаланады.

Дамыған елдердің орталық банктерінің есептік ставкалары төмен күйінде қалып отыр. Алайда 2011 жылғы сәуірде ЕОБ соңғы екі жылда бірінші рет еуро бойынша есептік ставканы көтерді. Ол 25 базалық тармаққа 1,25%-ға дейін ұлғайтылды. АҚШ пен Ұлыбританияның экономикалары банк пайызының көтерілуін көтере алмау және құлдырау аясына кіру тәуекелінің болу қаупі болғандықтан бұл елдердің орталық банктері тарапынан мұндай қадамдар жасалған жоқ. Дамыған елдердің сипатталған монетарлық саясаты инфляцияның жоғарғы қарқынының қисынды салдары болары сөзсіз.

Инфляциялық тәуекелдер экспорттық бағыттан ішкі сұранысты ынталандыруға бағдарлану мақсатында өз экономикасына орталықтан инвестициялауды күрт ұлғайтқан Қытайдағы инфляцияның «дүмпуі» салдарынан көтерілді. Мемлекеттік инвестициялардың қомақты өсуі Қытайда инфляцияның айтарлықтай өсуіне әкеп соқты және Қытай үкіметін өзінің қаржы саясатын қатаңдатуға мәжбүр етті, бұл әлемдік нарықтарда Қытай сұранысының шарасыз төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Әлемдік экономиканың келтірілген дағдарыстық құбылыстарының дамуына байланысты Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі жұмыс істеуіне әсер ететін мынадай факторлар анықталады коммерциялық қаржы құрылымдарында сырттан қарыз алуға мүмкіндіктері шектеулі күйінде қалады  (кредиттік ресурстардың бұрынғы донор-елдері бүгіндері қаржыны өздері қажетсініп отыр); әлемдік экономикадағы стагфляциялық үрдістер күшеюде. Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда Қазақстан экспортының негізгі баптары бағаларының қалыптасқан қолайлы конъюнктурасы дағдарыс салдарларының әсерінен ойламаған жерден өзгеріп кетуі мүмкін екендігін атап өткен жөн.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жоғарыда көрсетілген экспорттау тауарларының қолайлы бағаларымен де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруымен де байланысты. Еліміздің қаржы секторының тұрақты жұмыс істеуі және депозиттік базаның өсуі осы жағдайдағы негізгі көрсеткіштер болып табылады.

Соңғы үш жылда бірінші рет банк секторының кредиттік белсенділігі байқалады. Экономиканы кредиттеу қарқынының төмендігі кредиторлардың әлеуетті заемшыларға сенімінің төмендігімен, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмендігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған іс-шаралармен бірге ақша-кредит саясатының шаралары сыртқы күйзелістер нәтижесінде жылдың бірінші жартысында жылдам дамыған инфляциялық үдерістердің қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. 2011 жылғы қазанның соңында жылдық инфляция деңгейі өзінің мақсатты дәлізі 6-8%-ға қайтып келді.

Дамыған елдерде дағдарыстың тереңдеуінің сипатталған оқиғалары теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуының алдын алуға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу нәтижесінде Қазақстанның ұлттық валютасының орнықтылығына әсер еткен жоқ.

Әлемдік экономикалық дағдарыстың ықтимал айналымдарына Қазақстан экономикасының орнықты болуы елдің алтынвалюта резервтерімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен көрсетілген «беріктік қорының» болуымен нығайтылады.

1.    Қазақстан Республикасының 2011 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты

1.1.    2011 жылғы макроэкономикалық даму

2010 жылдан бастап Қазақстан экономикасы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Оралымды деректер бойынша ЖІӨ-нің 2011 жылғы нақты өсуі 7,5% құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, сауда, байланыс сияқты салалардың нақты көлемінің өсуі көлемдер өсімінің қарқындары бойынша 2011 жылы көш бастады.

Қазақстан экспортының негізгі баптарының қолайлы баға конъюнктурасы сыртқы сауда көлемінің ұлғаюына себепші болды. Алдын ала деректер бойынша 2011 жылы төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты 13,6 млрд. АҚШ долл. (немесе ЖІӨ-нің 7,3%) мөлшеріндегі профицитпен қалыптасты. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың әкелінуі жалғасуда, олардың көлемі 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13,1 млрд. АҚШ долл. құрады.

2011 жылы инфляциялық үдерістердің дамуы 2011 жылдың 1-жартыжылдығында инфляцияның аздап жылдамдауымен сипатталды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-қимылдарының үйлесімділігі мен тиімділігі 2011 жылға белгіленген мақсатты дәліздің шектеріне 6-8%-ға қайта оралуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,4% (2010 жылғы желтоқсанда 7,8%) деңгейінде қалыптасты.

2011 жылы инфляция өсуінің негізгі факторлары бірқатар құрылымдық проблемалар мен факторларға байланысты болды, олардың ішінде әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуал, шикізат пен азық-түліктің әлемдік бағаларының өсуі, баға қалыптастыру тетігінің тиімсіздігі, тауарлар мен қызметтердің жекелеген нарықтарындағы төмен бәсекелестік олардың ішіндегі ең маңыздылары болды.

Бұдан басқа Кеден одағының ағымдағы кезеңде жұмыс істеуі де Қазақстанның ішінде баға қалыптастыруға қысым көрсетеді. Бұл ретте егер өзара сауда көлемінің айтарлықтай болмауына байланысты Беларусияның тұтыну нарығындағы ахуал Қазақстанға айтарлықтай әсер етпегенмен, Ресейдің тұтыну нарығы Қазақстандағы инфляцияға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Белгіленген бағдарларға қол жеткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты теңдестірілген сипатта болды. Бұл ақша ұсынысын төмен деңгейде ұстаумен қатар жүрді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша ақша базасы 10,3%-ға кеңейді, ақша массасының өсу қарқыны 15,0% құрады, бұл экономиканың нақты өсу қарқынынан төмен.

Банк секторының дамуының оң динамикасы байқалады, бұл банктердің кредиттік белсенділігінің біртіндеп қалпына келуімен қатар жүреді. Банктер сыртқы қарыздарының көп бөлігін өтеді. Олардың ресурстық базасы ағымдағы сәтте сыртқы борыштың қалған бөлігін дербес төлеуіне мүмкіндік береді. Соған байланысты отандық банктер кредиттік ресурстардың сыртқы экономикалық қаржы көздеріне қатты тәуелді емес.

Банктердің кредиттік белсенділігінің үш жылдық стагнациясынан кейін 2011 жылы кредиттеудің аздап өсуі байқалады. Мәселен, 2011 жылдың қорытындылары бойынша кредиттердің көлемі 15,7%-ға ұлғая отырып, 8,8 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте ұлттық валютамен кредиттеу 29,6%-ға 5681,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасымен кредиттеу 3,4%-ға 3099,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

2011 жылы резиденттердің оң динамика көрсеткен депозиттері банктердің іс жүзіндегі жалғыз қорландыру көзі болып табылды. Мәселен, резиденттер депозиттерінің көлемі 2011 жылы 14,3%-ға 8385,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 10,2%-ға, жеке тұлғалардікі 24,1%-ға өсті. 2011 жылы шетел валютасындағы депозиттер 2,8%-ға 2629,7 млрд. теңгеге дейін, ұлттық валютадағы 20,5%-ға 5755,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Банктерді қорландыру базасын қалыптастыру кезінде ішкі қаржы көздерінің орнықтылығын көтеру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ капиталдандыруды 10%-ға 133,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты. 

Халықтың қаржы секторына сенімін көтеруге бұдан кейін қаржы ұйымдарының тәуекелдерін барынша азайту мәселелері бойынша заңның қабылдануы ықпал ететін болады. Бұл заң 2012 жылға дейін қолданылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 5 млн. теңге мөлшеріндегі кепілдікті өтеу сомасының тұрақты негізде сақталуын көздейді.

1.2.    Қазақстан Республикасының 2011 жылғы ақша-кредит саясаты

2011 жылы елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты болды.

Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының шаралары елдің тұтыну нарығында тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция мақсатты дәліз шегінде 7,4% деңгейінде қалыптасты.

2009 жылдың соңынан басталған ұлттық валютаны нығайту үрдісі 2011 жылдың басында да жалғасты.  Бұл ретте нарықта теңге бағамының ауытқу диапазоны айтарлықтай тар болды және оның мәндері 2010 жылғы ақпанда кеңейген валюталық дәліздің шекті мәндеріне жақындаған жоқ. Тиісінше, 2010 жылы валюталық дәліздің болуы айтарлықтай рөл атқарған жоқ. Осыған байланысты 2011 жылғы ақпанның соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық дәлізді алып тастай отырып, теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының  режиміне өтуді жүзеге асырды.

2011 жылдың ортасында әлемдік нарықтағы ахуалдың аздап тұрақсыздануынан және мұнай бағасының төмендеуінен болған бағам құбылмалылығы ұлғайды. 2011 жылғы мамырдан бастап теңге бағамының әлсіреу үрдісі байқалды, ол 2011 жылғы тамызда және қыркүйекте күшейді.

Бағамның айтарлықтай дүмпуіне жол бермеу және валюта нарығындағы тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нарыққа жағдайға қарай шетел валютасын сатып алушы ретінде де, сатушы ретінде де қатысты.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық ставкаларының дәлізі өзгерді. Өзгерістер дәліздің жоғарғы шегі – ресми қайта қаржыландыруда да болды. Жылдың басында инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 9 наурыздан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасын 7,0%-дан 7,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

 Ақша нарығындағы қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шегі ретінде алынатын банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставка бүкіл 2011 жыл бойына өзгеріссіз қалды және 7 күндік депозиттер бойынша 0,5% және 1 айлық депозиттер бойынша 1,0% құрады.

Халықаралық нарықтағы нарықтық ставкалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ставкалар дәлізі шегінің төменгі шекарасында қалды, ол көбіне нарыққа қатысушылар белсенділігінің төмен болуымен және артық өтімділігімен байланысты.

Ақша нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарды шығаруы және банктерден депозиттер тартуы арқылы жүргізді. Пайыздық ставкалардың ең төменгі деңгейде сақталғанына қарамастан, банктердің тарапынан бұл құралдарға деген сұраныс бүкіл жыл бойына жоғары күйінде қалды.

Жекелеген банктердің сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі олардың ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін заемдар берді. Бұл операциялардың мерзімі 1 айдан асқан жоқ.

Ең төменгі резервтік талаптардың тетігі 2011 жылы өзгерген жоқ. Соған қарамастан банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері 2011 жылғы 31 мамырдан бастап ішкі міндеттемелер бойынша 1,5%-дан 2,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 2,5%-дан 4,5%-ға дейін көтерілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дағдарысқа қарсы шараларының, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуалдың арқасында 2011 жылы елімізде экономикалық өсудің қалпына келуі жалғасты. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық саясаты орта мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыруға және оның 7% шеңберінде өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

2.    Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының 2012-2014 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу шеңберінде келесі үш жылға арналған сценарийлік болжамдарды қарады.

Көрсетілген сценарийлер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2016 жылдарға арналған болжамдарын қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен үйлестірілген және келісілген.

Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ету дәрежесін ескере отырып, 2012-2014 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі өлшемі болып айқындалды. Мұнайдың мынадай бағаларын болжайтын макроэкономикалық ахуалдың дамуының үш сценарийі қарастырылды (1-кесте)

                                                                                                               1-кесте

 

 

2012

 

 

2013

 

 

2014

 

I

II

III

I

II

III

I

II

III

мұнай бағасы,

бір баррель үшін АҚШ  доллары

40

90

100

40

70

100

40

70

100

Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамдары төлем балансының[1] жеткілікті дәрежеде консервативті болып табылатын болжамдарына негізделген.

Сценарийлер Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің   республикалық бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке арналған шығыстарын 2012-2014 жылдар бойы ұлғайтуға қатысты деректерін ескере отырып құрылды. Көрсетілген шығыстар жиынтық сұраныстың артуын білдіреді, ол тиісті жиынтық ұсыныспен теңдестіріледі. Соңғысы өндіріс саласымен, сондай-ақ өндірістік өсу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс.

2012-2014 жылдары  инфляция аясының ағымдағы деңгейде сақталуы күтіледі. Инфляцияның өсуінің негізгі тәуекелдері, бұрынғысынша, ішкі нарықтық бәсекелес ортаның дамымауы, нарықты монополизациялаудың жоғары дәрежесі, сауда инфрақұрылымының нашар дамуы, сондай-ақ әлемдік тауар нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздығы болып қала береді. Әлемдік тауар нарықтарына қатысты Қазақстанның экономикалық мүддесі бірінші кезекте мұнайдың, сонымен қатар жанар-жағар май материалдарының (ЖЖМ)  әлемдік бағасына байланысты. Соңғылары ЖЖМ баға арқылы, сондай-ақ барлық басқа да тауарлар және қызмет көрсету арқылы инфляция деңгейіне екі жақты ықпалы бар, олардың өзіндік құнына ЖЖМ құны өзгеріссіз кіреді.

Бұл ретте 2012-2014 жылдары монетарлық факторлардың Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үдерістердің қалыптасуына ықпалы барынша аз болады. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан  ақша ұсынысын барабар деңгейде қолдаумен қамтамасыз етіледі.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың барлық сценарийлерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны  6,0-8,0% дәлізде ұстап тұруды болжамдайды.

Бірінші сценарий – орташа  перспективадағы әлемдік тауар және қаржы нарықтарында ахуал нашарлаған жағдайда пессимистік болжамдарды ұсынады.

Осы сценарийді іске асыру кезінде 2014 жылы экономиканың 2%-ға дейін нақты өсуін қалпына келтіре отырып 2012 жылы Қазақстан экономикасының аздап қысқаруы күтіледі.

Осы сценарий шеңберінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұраныстың қысқаруы, төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауы және ақша ұсынысының төмендеуі күтіледі.

Төлем балансы болжамының пессимистік сценарийі 2012 жылы  тауар экспортының 45,1%-ға  43,1 млрд. АҚШ долл. дейін айтарлықтай қысқаруын және  2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кейіннен 2%-ға  44,1 млрд. АҚШ долл. дейін өсуін есепке алады. Бұл ретте экономиканың өсу қарқынының баяулауы және кірістердің қысқаруы салдарынан болжамды жылдары тауар импорты 2014 жылы 31,3 млрд. АҚШ долл. дейін кейіннен аздап өсуімен 2012 жылы 23,4%-ға 30,4 млрд. АҚШ долл. дейін төмендейді деп күтіледі. Сонымен бір мезгілде тауар экспортының қысқаруы резидент еместерге төленетін кірістердің төмендеуімен жойылады. Осыған байланысты, барлық болжамдық кезең ішінде ағымдағы операциялар шотының тапшылығы ЖІӨ-нің 5%-нан аспайды.

Әлемдік қаржы нарықтары негізінен сыртқы қарыз алу үшін жабық болады. Алайда, болжамдық кезеңнің бастапқы жылдары Қазақстан экономикасына, ең бастысы бұрын жасалған шарттар есебінен қамтамасыз етілетін шетелдік инвестициялаудың, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру мақсатында айтарлықтай көлемі байқалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына таза түсімдердің төмендеуі және республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің сақталуы жағдайында қаралып отырған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерінен қаражаттың ағыны байқалады. Жоғарыда көрсетілген  факторлардың қиылысуы капиталмен және қаржымен операциялар шоты бойынша әкетуді қысқартуға себепші болады.

2012-2014 жылдары жалпы төлем балансының тапшылығы  ЖІӨ-нің 2,5% деңгейінде болады, бұл тауарлар және қызмет көрсету импортын қаржыландырудың жеткілікті деңгейдегі халықаралық резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Экономиканың ақшаға сұранысының төмендеуі 2012 жылы ақша ұсынысының қысқаруымен бірге жүреді. 2013-2014 жылдары ақша ұсынысы ұлғаяды, алайда оның өсу қарқыны шектеулі болады.

Ақша ұсынысының түрлі бағыттағы динамикасы монеталандыру деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне ықпал ететін болады (1-қосымша).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша осы  сценарийді іске асырудың ықтималдылығы  барынша төмен.

Екінші сценарий әлемдік тауар және қаржы нарықтарында ахуалдың кейбір тұрақтылығын болжамдайды.

Екінші сценарийді  іске асырған жағдайда мұнайдың бағасы бірінші сценариймен салыстырғанда жоғары, бірақ 2011 жылы қалаптасқан нақты деңгейден төмен болады. Нәтижесінде, 2012-2014 жылдары Қазақстан экономикасының  өсу қарқыны 2011 жылмен салыстырғанда баяулайды.

Мұнай баррелі үшін әлемдік баға 2012 жылы 90 АҚШ долл. және 2013-2014 жылдары 70 АҚШ долл. болған кезде  сауда балансының оң сальдосы 20-26 млрд. АҚШ долл. шегінде болады деп күтіледі, ол шетелдік инвесторларға кірістер төлеумен жойылады. Тұтастай алғанда, ағымдағы шот болжамдық кезеңде ЖІӨ-ге (-)1,5%-дан (+)0,5%-ға  дейін шекте болады деп болжамдалып отыр.

2012-2014 жылдары Қазақстанға тікелей инвестициялардың жыл сайынғы төмендеуі кезінде, ең бастысы Солтүстік-Каспий жобасындағы инвестициялардың қысқаруы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерінің өсу қарқынының төмендеуі есебінен капиталмен және қаржымен операциялар Қателер және кемшіліктер» қоса алғанда) шотының  дефициті қысқарады деп күтіледі.

Нәтижесінде төлем балансының осы сценарийі барысында жалпы баланс ЖІӨ-ге (-)2%-дан (-)0,5%-ға дейін шегінде теріс сальдомен күтіледі және тиісінше Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері қысқарады. Алайда олардың деңгейі кемінде 3 айлық тауар және қызмет көрсету импортын жабатын барынша аз қажетті көлемінен жоғары деңгейде қалады.

Ақша ұсынысын кеңейту қарқыны  2012-2014 жылдардағы номиналдық ЖІӨ өсу қарқынына сәйкес келетін болады. Бұл ретте экономикалық өсудің оң динамикасымен бірге жүретін барынша қолайлы макроэкономикалық ахуал монеталандыру деңгейінің өсуіне ықпал ететін болады (1-қосымша).

Үшінші сценарийге сәйкес 2012-2014 жылдары Қазақстандағы экономикалық өсу қарқыны  өткен сценарийлермен салыстырғанда барынша жоғары деңгейде күтіледі.

Төлем балансы болжамының осы сценарийі барысында мұнай баррелі үшін 100 АҚШ долл. бағасын ескере отырып  әлемдік экономикадағы түзету шараларынан оң әсерді және 2011 жылы басталған үрдістердің жалғасуын пайымдайды. Бұл ретте айтарлықтай экспорттық түсімдер импортқа сұраныстың және  резидент еместерге төленетін кірістердің ұлғаюымен жойылады. Осыған байланысты, 2012-2014 жылдардағы ағымдағы шоттың  профициті  ЖІӨ-ге 2,0-4,0% шегінде болады.

Капиталмен және қаржымен операциялар шоты бойыншаҚателер және кемшіліктер» қоса алғанда) ең бастысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерінің өсу қарқынының ұлғаюы есебінен дефициттің өсуі күтіледі.

Нәтижесінде барлық болжамдық кезеңде жалпы төлем балансы ЖІӨ-ге         (-)0,5%-дан (+)1,0%-ға дейін шекте болады деп күтіледі, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтерін 2011 жылдың аяғындағы деңгейде сақталуына мүмкіндік береді.

Ақшаға сұраныс өткен сценарийлермен салыстырғанда барынша жоғары болып табылады. Бұл ретте 2012 жылы нақты, сол сияқты номиналдық ЖІӨ айтарлықтай өсуі күтіліп отырғандықтан оның қарқыны 2013-2014 жылдары тұрақтандырылады, ақша ұсынысының динамикасы номиналдық ЖІӨ динамикасын басым тұратын болады, бұл болжамдық кезеңдегі  монеталандырудың өсуін қамтамасыз етеді (1-қосымша).

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың үшінші сценарийін іске асыруды барынша ықтимал деп санайды. Осы ұсыныстарға орай 2012 жылға арналған ақша-кредит саясатының шаралары әзірленді.

3.    Қазақстан Республикасының 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты

Сыртқы нарықтарда ахуалдың дамуының тұрақсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді саясатын ескере отырып Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын  2012 жылғы шеңберде ғана әзірлеуге шешім қабылдады. Ақша-кредит саясатының және төлем балансының негізгі өлшемдері, оның ішінде ақша-кредит саясатының кейінгі жылдарға арналған шаралары  2012 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясаты қызметінің басым бағыты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни жылдық инфляцияның төменгі деңгейін, барабар қалыптасқан макроэкономикалық алғы шарттарды қолдау болып қала береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі мақсаты ақша-кредит саясаты болғандығына қарамастан баға тұрақтылығын айқындады, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту барынша ұзақ перспективаларға ауыстырылады. Таяу перспективада негізгі күштер ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіруге және арттыруға, сондай-ақ қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын күшейтуге   шоғырландырылатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Ақша нарығында қысқа мерзімді өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтімділікті беру бойынша операциялар көлемін ұлғайтатын болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  монетарлықты құрайтын қызметтің оңтайлы деңгейде болуын және қосымша  инфляциялық қысым көрсетпеуге тырысатын болады.

Қысқа мерзімді ноталар шығару және екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін банктердің артық өтімділігін айықтыру, сондай-ақ қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеу бойынша негізгі құралдар болып қала береді.

2012 жылы ақша нарығындағы өтімділікпен ахуал түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты, осы құралдардың мерзімін мынадай нақты деңгейде сақтауды болжамдайды: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталар бойынша – 3, 6 және 9 ай, банктерден тартылатын депозиттер бойынша – 7 күн және 1 ай.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ставкалары дәлізінде қысқа мерзімді құралдар нарығында пайыздық саясаттың реттеуші ролін арттыруға және  нарықтық ставкаларды ұстап тұруға бағытталатын болады.

Бұдан басқа, ашық нарықта операцияларды барынша тиімді пайдалану мүмкіндігі (open market operations) қаралады, банктерге берілетін өтімділіктің оңтайлы өлшемдеріне (операциялардың көлемдері, мерзімдері, кепілмен қамтамасыз ету түрлері) талдау жүргізіледі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең үздік шетелдік практиканы одан әрі қолдану мүмкіндігі бар дамыған елдердің тәжірибесін зерделейді.

Тұтастай алғанда, бұл өтімділікті басқару мен реттеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ақша нарығындағы қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ресурстарға сұраныстың айтарлықтай өсуін күтпейді. Осы операциялардың мерзімі 1 жылдан аспайды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  ең төменгі резервтік талаптар тетігін оны қолдану тиімділігін арттыру бөлігінде одан әрі жетілдіру жұмысын жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта саясаты Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсеке қабілеттілігінің арасындағы балансты қамтамасыз етуге бейімделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағам саясатын жүргізу кезінде үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайларында ұлттық валютаның нақты бағамының отандық өндірістің бәсеке қабілеттілігіне теріс ықпал ететін айтарлықтай ауытқуларына жол бермейді.

Айырбас бағамының саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда жағдайларына осы арқылы, ішкі экономиканы дамытуға негіз құра отырып, барабар сезінетін болады. Мемлекет жаңа технологиялар, жабдық пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты осындай факторлармен байланыстағы осы саясатты қатаң қолдай отырып, жедел даму траекториясына шыға алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі экономикалық ахуалға байланысты теңге бағамының икемділігін арттыру мақсатында өзінің валюта нарығына қатысуын одан әрі төмендетуге тырысатын болады.

Экономикалық ахуалдың түпкілікті өзгеруі энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт және айтарлықтай төмендеуі және олардың ұзақ уақыт ішінде осы деңгейде сақталуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптестері елдеріндегі құнсыздануы кезінде теңге бағамының күрт өзгеруі ықтимал.

Экономикалық даму сценарийіне қарамастан ақша-кредит саясатының шаралары жылдық инфляция деңгейін  6-8% шекте ұстап тұруға бағытталады. Инфляциялық қысымда ынталандыратын артық ақша ұсынысының ұлғаюы тиісінше, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру  операцияларының өсуімен жойылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде өтетін  интеграциялық үдерістерді ескере отырып ақша-кредит және валюта саясатының сол немесе өзге де шараларын қолдануды жүзеге асырады.


 1-қосымша

АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ

2012 - 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БОЛЖАМЫ

БІРІНШІ СЦЕНАРИЙ                                                                                              (кезең аяғында)

2011

2012

2013

2014

Инфляция, %

7,4

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, %

7,5

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ақша базасы, млрд. теңге

2 836

2 970

3 143

3 362

Ақша массасы, млрд. теңге

9 751

9 821

10 356

11 049

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

8 385

8 502

8 964

9 561

Экономикадағы кредиттер, млрд. теңге

8 781

7 873

8 283

8 731

Экономиканы монеталандыру деңгейі, %

35,7

39,5

39,4

39,3

ЕКІНШІ СЦЕНАРИЙ                                                                                                (кезең аяғында)

2011

2012

2013

2014

Инфляция, %

7,4

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, %

7,5

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ақша базасы, млрд. теңге

2 836

3 451

3 778

4 226

Ақша массасы, млрд. теңге

9 751

11 525

12 633

14 149

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

8 385

9 995

10 959

12 277

Экономикадағы кредиттер, млрд. теңге

8 781

9 233

10 082

11 283

Экономиканы монеталандыру  деңгейі, %

35,7

39,8

40,0

40,0

ҮШІНШІ СЦЕНАРИЙ                                                                                               (кезең аяғында)

2011

2012

2013

2014

Инфляция, %

7,4

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, %

7,5

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Ақша базасы, млрд. теңге

2 836

3 559

3 968

4 464

Ақша массасы, млрд. теңге

9 751

11 891

13 326

15 014

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

8 385

10 316

11 571

13 045

Экономикадағы кредиттер, млрд. теңге

8 781

9 212

10 263

11 532

Экономиканы монеталандыру деңгейі, %

35,7

39,9

40,1

40,2



[1] Төлем балансы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған болжамды жасау кезінде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының 2011 жылғы шілде-тамыздағы ірі жобаларға шетелдік инвестициялардың түсуіне қатысты болжамдары мен күтулері де ескерілді.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2016