link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі

    

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде

өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге

 шағым жасау тәртібі

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес  лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

 

Ұлттық Банкке не Ұлттық Банктің лауазымды тұлғасына өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шағымдар мынадай мекенжай бойынша жазбаша түрде, почтамен жіберілген немесе тікелей өтініш беруші берген күйінде қабылданады: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй.

Өтініш беруші тікелей беретін шағымды Ұлттық Банктің  ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесі құжат айналымы бөлімінің қызметкері қабылдайды, телефоны: 8 (727) 2-704-994.

Өтініш күні мен уақыты, оны қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон өтініш берушіден шағымды қабылдауды растайтын құжат болып табылады.

Шағымда Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Жеке немесе заңды тұлғадан қабылданған шағым тиісінше жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.

Шағым іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаларға қарау үшін жіберілмейді.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

 Шағымды жазбаша бергеннен басқа, жеке немесе заңды тұлға Ұлттық Банктің басшылығына шағыммен Ұлттық Банктің басшылығы жеке қабылдаған кезде өтініш жасауы мүмкін.

Ұлттық Банк басшылығының жеке қабылдауы Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол Ұлттық Банктің орталық аппаратының үйінде өтініш берушілерге қол жетімді орында мына мекенжай бойынша орналастырылады: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй.

Ұлттық Банктің, Ұлттық Банк филиалдары  басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестелері  Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша орналастырылады www.nationalbank.kz .

Егер шағымды Ұлттық Банк басшылығы жеке қабылдауы кезінде қанағаттандыра алмаса, өтініш беруші шағымды жазбаша түрде ұсынады және онымен жазбаша өтініш сияқты жұмыс жүргізіледі.

 

           Уәкілетті бөлімшенің басшысы: Асқар Абайұлы Итимгенов

          Телефоны: 8 (727) 2-596-853.

          Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары мен байланыс телефондары   төменде көрсетілген.

 

                                                         Ұлттық Банк  филиалдарының

                                           мекенжайлары мен байланыс телефондары

р/с

Филиалдың аты

Мекенжайы

Телефон

1.

Орталық филиал (Астана қаласы)

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй

8 (7172) 703313 қабылдау бөлмесі 

2.

Ақмола филиалы

020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214

8 (7162) 256973 қабылдау бөлмесі

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі, 45 

8 (7132) 703910 қабылдау бөлмесі

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98

8 (727) 2443620 қабылдау бөлмесі

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Талдықорған қаласы,  М. Төлебаев көшесі, 58/64

8 (7282) 244090 қабылдау бөлмесі

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау қаласы,  Уәлиханов көшесі, 2а

8 (7122) 322310 қабылдау бөлмесі

7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 3

8 (7232) 254321 қабылдау бөлмесі

8.

Жамбыл филиалы

080000, Тараз қаласы,  Қазыбек-би көшесі, 137

8 (7262) 999341 қабылдау бөлмесі

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Орал қаласы, Досмухамедов көшесі, 16

8 (7112) 554535 қабылдау бөлмесі

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды қаласы,  Бұхар-Жырау көшесі, 19

8 (7212) 419186 қабылдау бөлмесі

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай қаласы. Баймағамбетов көшесі, 195

8 (7142) 990910 қабылдау бөлмесі

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 20

8 (7242) 551525 қабылдау бөлмесі

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан

8 (7292) 701500 қабылдау бөлмесі

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 44 үй

8 (7182) 704415 қабылдау бөлмесі

15.

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 6

8 (7152) 465034 қабылдау бөлмесі

16.

Оңтүстік Қазақстан

160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2

8 (7252) 534811 қабылдау бөлмесі

17.

Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)

050031, Алматы қаласы, Ташкентская  көшесі, 511

8 (727) 2588716 

қабылдау бөлмесі


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018