link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған монеталар

жарияланым күні: 01.11.2011

Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған монета

1991 жылғы 16 желтоқсанда халықтың еркін білдіре отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осы күн жыл сайын Қазақстанның Тәуелсіздік күні ретінде тойланады.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверс) - жиынтық бейне бар: алдыңғы жағында мүсіндер топтамасымен өрілген Қазақстан Тәуелсіздігінің монументі қанатты барыс үстіндегі жауынгер, оның артында Іле Алатауы таулы қыраты аясындағы Республика Президентінің резиденциясы мен Үкімет Үйі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра "ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАНFА" деген жазу орналастырылған. Оның астындағы бос орында "5 ЖЫЛ" және монетаның шығарылған жылын білдіретін "1996" сандары жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы - 100 мың дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған монета.

2000" жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеудің ресми рәмізі бейнеленген және "2001" саны ақшаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған монета

2001 жылғы 15 қарашада айналысқа жіберілді.

Номиналы 5000 теңгелік монета

Монетаның бет жағындағы (аверсіндегі) жалтыраған шеңбердің жоғарғы бөлігінде бес қабат етіп бүктелген сегіз бұрышты розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған. Төменгі бөлігінде "5000" саны және оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монетаның салмағын білдіретін "1 кг." жазуы, оң жағында - монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "Ag 925" жазуы бар. Монета айналдыра моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған шеңбердің ортасындағы Қазақстан Республикасының стильді географиялық картасының бетіне Алматы қаласының Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы бейнеленген. Жауынгердің оң жақ тұсына екі жолға "10 ЖЫЛ" деп жазылып, оның астына Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының элементі бейнеленген және "АСТАНА" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА" деп айналдыра жазылған. Төменгі бөлігіндегі "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы - 1 килограмм, диаметрі - 100 мм, қалыңдығы - 14,5 мм.

"Proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 100 дана.


Номиналы 500 теңгелік монета

  

Монетаның бет жағындағы (аверсіндегі) жалтыраған шеңбердің жоғарғы бөлігіне бес қабат етіп бүктелген сегіз бұрышты розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған. Төменгі бөлігінде "500" саны және оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монетаның салмағын білдіретін "24 gr." жазуы, оң жағында - монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "Ag 925" жазуы бар. Монета айналдыра моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған шеңбердің орта тұсындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бетіне Алматы қаласының Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы бейнеленген. Жауынгердің оң жақ тұсына екі жолға "10 ЖЫЛ" деп жазылған. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА" деген сөздер айналдыра жазылған. Төменгі бөлігіндегі "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм.

"Proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 3 мың дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монета

Алтын

номиналы – 50000 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды

                  

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «50000 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999  1000 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета  999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм,  дайындау сапасы  -  «proof», таралымы - 100 дана.

Күміс

номиналы – 5000 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды

                  

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «5000 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  1000 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы  және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТА��ҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925/1000 сынамды күмістен, массасы 1000 грамм,  диаметрі – 100 мм,  дайындау сапасы  - «proof», таралымы  – 200 дана.

Күміс

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «500 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм,  диаметрі – 38,61 мм,  дайындау сапасы  - «proof», таралымы – 5000 дана.

Нейзильбер

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу  бар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу эмблемасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1991 – 2011» деген сандар орналастырылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018