link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

200 теңге

2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

       

Банкнота өлшемі 126х64 мм қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

1999 жылғы үлгідегі құны 200 теңгелік банкноттың сипаттамасы

       

200 теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.

Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Портреттің оң жағына ою-өрнек әшекейі салынып, металл бояумен орындалған "200" саны интаглио бояуымен алмастырылған және банкнотты қай бұрышынан қарауға байланысты "200" санының бейнесі көрінетін болады. Банкноттың бет жағындағы оң жақ жоғарғы және төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек "200" саны жазылған микрошрифтке ауыстырылған.

Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі

1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнот.

       


Көлемі 144х69 мм.

Бет жағы: басым түстер - қоңыр, қызыл. Оң жағына философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағына қызыл-қоңыр түсті "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген жазу бар. Портреттің сол жағында су тамғы белгілер: Әль-Фарабидің қырынан салынған бейнесі бар және ақшаның номиналы жазылған. Портреттің сол жағында металсыздандырылған жіпке "Қазақстан" деп жазылған және "200" саны көрінеді. Портреттің сол жағына алтын бояумен "500" саны екі рет салынған және/ немесе банкнотты қай бұрыштан қарауға байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі. Портреттің оң жағына тігінен қызыл бояумен салынған көлемі әр түрлі реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің сол жағына көлденеңінен қара бояумен реттік нөмір салынған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Басым түстер - қоңыр, қызыл. Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағында ақшаның номиналы санмен және жазумен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына "Қазақстан Ұлттық Банкі" деп жазылған.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша  айналысынан  алынды.Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалылығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. 

1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнот

       

Көлемі 144х69 мм

Банкноттың бет жағында қызыл-қоңыр түс басым. Сол жағындағы төменгі бұрышына "200" саны бар. Банкноттың ортасына 200 номиналы жазумен және санмен жазылған, оның астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған. Банкноттың оң жағына Әль-Фарабидің портреті бейнеленіп, портреттің төменгі жағына астына қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің төменгі оң жақ бұрышы ою-өрнекпен өрнектелген. Банкноттың сол жағында Әль-Фарабидің тура қарап отырған суретінінің су тамғы белгілері бар. Жоғарыдағы сол жағының ашық ақ жері ою-өрнекпен көмкерілген. Жоғарғы және төменгі жақтары қазақтың бітпес өренегі салынған. Сол жақ бөлігіндегі әсем өрнектелген жерге екі әріпті сериясы бар қара түсті жеті санды нөмір орналастырылған. Әріптер мен сандар бір сызықтың бойына қатаң орналастырылған; цифрлардың ара қашықтығы бірдей. Портреттің оң жағына тік сызықтың бойымен екі әріпті сериясы бар қызыл түсті жеті саннан тұратын нөмір жазылған. Банкноттың сырт жағында сарғыш-көк түс басым.

Сырт жағында Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының  айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысына сәйкес 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар 2001 жылғы 1 қыркүйектен  бастап ақша  айналысынан  алынды. Осы банкноттарды  айырбастау 2012 жылғы 30 тамызда аяқталды.

 

 

 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018