link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан халқының ертегілері

жарияланым күні: 22.08.2011

«АЛДАР-КӨСЕ»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы ою-өрнек аясында бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол жақ және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте есекке мінген жаһангер ертегі кейіпкерінің стильдендірілген суреті, қасында ілесіп жүрген иті бейнеленген (М.Әлиннің иллюстрациясының фрагменті). Монетаның сол жақ бөлігінде  айналдыра мемлекеттік тілде «Алдар-Көсе» деген жазу бар. Оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.
Монета  925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы  – 4 мың дана.

«Бауырсақ»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және  «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Сырт жағында (реверсінде) монетаны бойлай ертегі кейіпкерлері бейнеленген, ортасында мемлекеттік тілде «БАУЫРСАҚ» және орыс тілінде «КОЛОБОК» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Қыры (гурты) бедерлі.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proоf», таралымы – 4 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018