link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Банкноталардағы портреттер

жарияланым күні: 22.08.2011

«ӘЛ-ФАРАБИ»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол жақ және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген және айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте Шығыстың ұлы ойшылы Әл- Фарабидің портреті орналасқан құны 1 теңгелік банкнотаның бет жағының фрагменті бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘЛ-ФАРАБИ» деген жазу бар, соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және банкнотаның графикалық элементі салынған. Жоғары бөлігінде  монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999  7,78 gr.» деген жазу бар.

Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Қыры (гурты)  бедерлі.
Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 7,78 грамм, диаметрі 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Сүйінбай»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 27 шілдеде айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналасқан, құны 3 теңгелік банкноттың бет жағының фрагменті бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «Сүйінбай» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және банкноттан графикалық элементтер орналасқан. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Au 999  7,78 gr.» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі. 

Монета 999 сынамды алтыннан дайындалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі 21,87 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 4 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018