link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

500 теңге

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Өлшемі 130х67

Бет жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

1999 жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы

                                                                                                                              

Өлшемі 144х69 мм

Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Портреттің оң жағына ою-өрнек әшекейі салынып, металл бояумен орындалған "500" саны интаглио бояуымен алмастырылған және банкнотты қай бұрышынан қарауға байланысты "500" санының бейнесі көрінетін болады. Банкноттың бет жағындағы оң жақ жоғарғы және төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек "500" саны жазылған микрошрифтке ауыстырылған.

Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін  (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды.

1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнот.

                                                                                                                          

Көлемі 144х69 мм.

Бет жағы: басым түстер - көк, көкшіл. Оң жағына философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағында көкшіл-көк түспен "Қазақстан Ұлттық Банкі" деп жазылған. Портреттің сол жағында су тамғы белгілер: Әль-Фарабидің қырынан салынған суреті бар және ақшаның номиналы жазылған. Портреттің сол жағында металсыздандырылған жіпке "Қазақстан" деп жазылған және "500" саны көрінеді. Портреттің оң жағына алтын бояумен "500" саны екі рет салынған немесе банкнотты қай бұрыштан қарауға байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі.Портреттің оң жағына тігінен қызыл бояумен салынған көлемі әр түрлі реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің оң жағына көлденеңінен қара бояумен реттік нөмір жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Басым түстер - көк, көкшіл. Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағына ақшаның номиналы санмен және жазумен көрсетілген. Жоғарғы сол жағына "Подделка банкноты преследуется по закону" деп жазылған.

 Номиналы 500 теңгелік банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері  тенге

2002 жылы

2000 жылы

 

 

 

 

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін  (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды.

1994 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнот

                                                                                                                        

Көлемі 144х69 мм.

Банкноттың орта тұсына басым түсі қызыл болып келетін номиналы жазылған. Номиналдың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, купюраның шығарылған жылы жазылған.Оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әль-Фарабидің портреті бейнеленіп, портреттің төменгі жағына астына аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің оң жақ бұрышында ою-өрнекпен өрнектелген. Банкноттың орталық бөлігінің сол жағындағы жоғарғы және төменгі бөліктері қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген Әль-Фарабидің тура қарап отырған суретінінің су тамғы белгілері бар, Әль-Фарабидің су тамғы портретінің оң жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Нөмір екі рет қайталанады: оң жақ шетінде тігінен және елтаңбаның үстіне көлденеңінен жазылған. Нөмір жеті саннан және сериясын білдіретін екі әріпті префикстен тұрады.

Сыртында сол жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында су тамғы белгінің астында ақшаның номиналы екі түсті етіп санмен және жазумен көрсетілген.

 Номиналы 500 теңгелік банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері тенге

1999 жылы

1994 жылы


Сол жақ жоғарғы бұрышы


Оң жақ жоғарғы бұрышы

 

 
Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі


Сол жақ жоғарғы бұрышы

 

 
 
Оң жақ жоғарғы бұрышы

 

 
Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2001 жылғы 1 қыркүйектен   бастап ақша айналысынан алынды.  Осы банкноттарды айырбастау  2012 жылғы 31 тамызда аяқталды.


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018