link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері

Мемлекеттік қызметтер
Электрондық мемлекеттік қызметтер
Өтініш құжаттарының үлгілері
Статистикалық ақпарат
Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Қызмет берушілердің байланыс телефондары
Инфографика
Сауалнама. ҚРҰБ электронды/қағаз түрінде көрсететін мемлекеттік қызметтердің ұсыну сапасы мен қол жетімділігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері

Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері электрондық/қағаз нысанында Ұлттық Банкінде немесе оның аумақтық филиалдарында көрсетіледі, сондай-ақ «электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы алуға болады.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін  қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы Ұлттық Банкінің не ол не бұл мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне өтініш бере алады. Бұл тек көрсетілетін қызметті алушының компьютерде жұмыс істеу дағдыларын білуін ғана қажет етеді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің нәтижесі болып электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ішіндегі мәліметтер табылады.

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін беретін өтініші пайдаланушының сауалы негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен және регламентімен орнатылады.

 

 Көрсетілетін қызметті алушы келесіні білу қажет!

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында өз құқықтарын білу тиіс. Атап айтқанда:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толық және сенімді ақпарат алу;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық және (немесе) қағаз нысанында алу;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру барысында:

1) мемлекеттік қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуге;

2) мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға қажетті жағдайлар жасауға;

3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты қолжетімді түрде ұсынуға;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты, соның ішінде ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы ұсынуға;

5) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарастыруға және оларды қарастыру нәтижесі туралы хабарлауға;

6) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындау сатысы туралы хабарлауға;

7) бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында ақпараттық жүйелердің ішіндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан оның жазба түріндегі келісімін алуға міндетті.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Қызмет берушінің www.enpf.kz ресми интернет-ресурсының көрсетілген мекенжайлар бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Мыналардың:

  1. жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
  2. заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.  

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Мемлекеттік қызметтер тізілімінде ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кімге бағдарланғаны (заңды/жеке тұлғалар), ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылығы/тегіндігі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) туралы ақпарат бар.

 

Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Бөлім мемлекеттік қызметті көрсету талаптарын орнататын, мемлекеттік қызметті көрсету барысының мінездемесін, нысандарын, мазмұнын және нәтижесін қосатын, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қамтиды

 

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Бұл бөлімде «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинет» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ www.elicense.kz   сайтына тікелей сілтемесі бар электрондық/қағаз нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі туралы ақпарат орналастырылған.

Сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы (www.egov.kz) «Бизнеске арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» («Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» - «Бизнес бойынша») қосымша бетінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары туралы ақпарат орналастырылған.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша статистикалық мәліметтер

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, бекітілген мерзімдерін бұзумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, тоқсандық тұрғыдағы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге алынған шағымдардың саны бойынша деректер көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық ақпарат.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызметі туралы есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызмет туралы есеп жыл сайын орталық мемлекеттік органдарымен «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Бұл есепте көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін жетілдіру бойынша қызмет, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келешектегі тиімділігін және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылығын көтеру бойынша ақпарат көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс телефондары

Бұл бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсететін Ұлттық Банкі бөлімшелерінің, сондай-ақ Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, «БЖЗҚ» АҚ байланыс мәліметтері орналастырылған.


  

Мемлекеттік қызметтердің тізілімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (.docx 11/04/2017,  33,97 KB)

2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz/forum мекен жайындағы интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы» Есепті жария талқылау өткізіледі


Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017