link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

1000 теңге

2014 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 1000 теңгелік банкноттың сипаттамасы

2014 жылғы 01 желтоқсан айналысқа жіберілді.

Өлшемі: 134х70 мм

Бет жағы: басым түс сарғыш қоңыр.  Басым бейнелер тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі жағында ортада ұшып жүрген көгершіндердің бейнесі. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген.Сол жағында төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі, сол жақта ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі басылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағы: басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер: Батыс Қазақстандағы Үстірт шоқысы, артқы жағында Қазақстан картасының контуры бейнеленген. Төменгі сол жағында, жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменде ортада – орыс тіліндегі әріптік белгісі. Жоғарғы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, төменгі жақта ортада банкнот номиналының әріптік белгісінің үстінде «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу бар.

2013 жылғы үлгідегі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың сипаттамасы

        

  

2013 жылғы 12 желтоқсан айналысқа жіберілді.

Таралымы: 10 000 000 дана

Өлшемі: 134х70 мм

Басым түс: сарғыш қоңыр.

Бет жағы: басым түс: сарғыш қоңыр. басым бейнелер тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер – банкноттың оң жағында «Қазақ Елі» монументі және төменгі оң жағында ұшып бара жатқан көгершіндердің бейнесі. Сол жақ бөлігінің ортасында Күлтегін мүсінінің бөлігі берілген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту бейнеленген. Жоғарғы сол жақ бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі басылған, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу бар. Сол жағында көлденеңінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Сырт жағы: басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер – түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, олардың арт жағында түркі жазбасы ескерткіші. Төменгі сол жағында және жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменде ортада – орыс тіліндегі әріптік белгісі. Сол жағында Мемлекеттік Тудың бөлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген ені 12 мм голографиялық жолақ және «Ескерткіш теңге» деген жазба орналасқан. Жоғарғы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған. Төменгі сол жағында орналасқан номиналдың цифрлық белгісінің астында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу бар.

 

Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналдық құны 1000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы 

              

       

2011 жылғы 25 мамырда айналысқа жіберілді.

Таралымы: 10 000 000 дана

Өлшемі: 134х70 мм

Басым түсі: ашық жасыл

Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейне банкнотаның орталық бөлігінде орналасқан: Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі. Оң жақта Ислам Конференциясы Ұйымының ресми логотипі орналасқан. Төменгі бөлікте банкнота номиналының цифрлық белгіленуі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақта тігінен жоғары қарай орналасқан. Сол жақ жоғарғы бұрышта номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі басылған, оның оң жағында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне ортада: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Сол жақта төменде, ортада және оң жақта банкнота номиналының цифрлық және әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған. Банкнота номиналының цифрлық белгіленуінен төменде ортада қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін орыс тіліндегі «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.

2010 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы

 

2010 жылғы 5 қантарда айналысқа жіберілді.

Таралымы: 10 000 000 дана

Өлшемі: 134х70 мм

Басым түсі: көкшіл жасыл

Бет жағы: сол жақ жоғары бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, оң жақ төменгі бұрышта ұлттық стильмен безендірілген ұшып бара жатқан құстың суреті бар. Банкнотаның орта бөлігінде қызыл-көк түспен номиналдың сандық және мәтіндік белгіленуі мемлекеттік тілде берілген. Банкнотаның бүкіл өнбойында ашық орындарға қазақтың ұлттық ою-өрнегінің мотиві пайдаланылған. Банкнотаның оң жағында «Бәйтерек» монументі голографиялық тәсілмен және өзгермелі бояумен орындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген.

Сырт жағы: сол жақ төменгі бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы. Банкнотаның ортасында «Бәйтерек» монументі шарының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы  «АҚОРДА» бейнеленген. Төменгі орталық бөлігінде номиналдың орыс тіліндегі мәтіндік белгіленуі. Жоғарғы орта бөлігінде алтын түстес жылтыры бар арнайы бояумен басылған  «2010» деген жазуы бар құстың суреті. Сол жақ төменгі бөлігінде номиналдың цифрлық белгіленуі. Банкнотаның бүкіл өнбойында ашық орындарға қазақтың ұлттық ою-өрнегінің мотиві пайдаланылған.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

 

Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен  орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мәдени орталығының үйі,  артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Назар аударыңыздар:

«2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысына сәйкес номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылғы 1 наурыздан бастап төлем құралы болуын тоқтатты. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2021 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады.

2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.

 

Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - көкшіл және көк.

Бет жағы: Негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Сол жағында "Қазақстан Ұлттық Банкідеген жазу бар. Портреттің сол жағында Әл-Фарабидің қырынан салынған портретінің сутамғы белгілері бар және ақшаның номиналы санмен белгіленген. Портреттің оң жағына "1000" саны екі рет бейнеленген. Портреттің оң жағына тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған реттік нөмір қойылған. Портреттің сол жағына көлденеңінен қара бояумен салынған реттік нөмір қойылған. Реттік нөмірдің астына "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағында ақшаның номиналы санмен және жазумен көрсетілген. Жоғарғы сол жағына "Подделка банкноты преследуется по закону" деп жазылған.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. 

1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот

                  

Көлемі 144х69 мм.

Банкноттың ортасына номиналы басым қызыл түспен жазылып, санмен көрсетілген. Ақша номиналының астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, купюраның шығарылған жылы жазылған.

Сол жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әль-Фарабидің портреті бейнеленіп, портреттің төменгі жағына астына аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің оң жақ бұрышында ою-өрнекпе�� өрнектелген. Банкноттың орталық бөлігіне сол жақ тұсына Әль-Фарабидің қарсы алдынан салынған суретінің сутамғы белгісі бар, жоғарғы және төменгі бөліктері қазақ оюының бітпес өрнегімен көмкерілген, Әль-Фарабидің су тамғылы портретінің сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Нөмірі екі рет қайталанады: оң жақ жиегіне тігінен және елтаңбаның үстіне көлденеңінен жазылған. Нөмірі жеті саннан және сериясын білдіретін екі әріптік префикстен тұрады.

Сырт жағындағы сол жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышына, су тамғы белгінің астына ақшаның номиналы екі түсті санмен белгіленген.

 

Номиналы 1000 теңгелік банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері

2000 жылы

1994 жылы


Сол жақ жоғарғы бұрышы


Оң жақ жоғарғы бұрышы

 

Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі


Сол жақ жоғарғы бұрышы

Оң жақ жоғарғы бұрышы

 

Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі

 

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 377 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2002 жылғы 1 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау   2013 жылғы 30 қазанда аяқталды.

 

 

 

 

 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018