link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Экспозицияға шолу

                                           

Мұражай экспозициясы 4 бөлімнен тұрады:

 

 XII-XIV ғғ. ақша белгілері;

1865 - 1917 жж. ақша белгілері;

1918 - 1992 жж. ақша белгілері; 

1993 - осы шақ  ақша белгілері.

Бірінші бөлімде Отырар, Тараз, Барысхан, Сарайшық қазбаларынан Ұлы Жібек жолында қолданылған ақша белгілері ұсынылған.

Екінші бөлімге – Төңкеріске дейінгі Ресей кезеңіне мұражайдың бірнеше витриналары арналған, оларда бұл кезеңнің ақша белгілері ғана емес, сол уақыттардағы құжаттар да көрсетілген.

Үшінші бөлім айтарлықтай қызығушылық туғызады, мұнда Кеңес өкіметінің алуан жылдарында шығарылған ақша белгілері көрсетілген: құны 15, 30, 60 рубль банкноталар, номиналы 1 миллиард рубль купюра, Хорезм Республикасының жібек ақшасы, Верный қ. апиын ақшасы және т.б.

Төртінші бөлім екі бөліктен тұрады – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК бұйымдары және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК бұйымдары.   

Ұлттық валюта – Теңге бойынша экспозициясы бар витриналарда түрлі металдардан (алтын, күміс, нейзильбер) жасалған монеталардың толық жиынтығы ғана емес, сол сияқты Қазақстан Республикасының жоғарғы наградалары да бар. Бұл жиынтықта халықаралық көрмелерде жүлделі орындар алған ескерткіш монеталар ұсынылған. Бұл «Регель қызғалдағы», «Шабандоз», «Ғарыш», «Шыңғысхан», «Диадема бөлігі», «Жолбарыс», «Аттила» ескерткіш монеталары. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мұражайында 2006 жылы шығарылған ең үздік банкнота деп танылған құны 10 000 теңге банкнотаны, алтын, күміс коллекциялық монеталарды, Қазақстан Республикасындағы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған салмағы 1 кг алтын және күміс монеталарды көруге болады.

Мұражайдың орталық бөлігінде тәуелсіз Қазақстанның  рәмізі – «Алтын Адам» макеті орналасқан.

        


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018