link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Наградалар

«IACA EXCELLENCE IN CURRENCY 2017 COIN AWARDS» КОНКУРСЫНЫҢ  ФИНАЛИСТЕРІ

2017 жылғы 24 қазанда Варшавада, «The Coin Conference – 2017» халықаралық валюта конференциясын өткізу шеңберінде IACA Excellence in Currency 2017 Coin Awards ақтық мәреге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.«Ғарыш» сериясынан тантал орнатылған «Венера-10» күміс монетасы «Best coin innovation» номинациясында ақтық мәреге шықты. «Венера-10» ғарыш  аппаратын 1975 жылғы 14 маусымда «Протон» ракета тасымалдағышы жіберді. 1975 жылғы 25 қазанда «Венера-10» автоматты станциясының аппараты «Венера-9» аппаратының қону нүктесінен 2200 км қашықтықта планетаның жарық түсетін жағына сәтті қонды. Аппараттан Жерге Венера бетінің телевизиялық бейнелері берілді. «Венера-10» станциясының орбиталық бөлігі Венераның айналасындағы орбитаға шықты.

«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Күлтегін» күміс монетасы «Best new commemorative coin or test coin» номинациясында ақтық мәреге қатысты. Күлтегін (685ж. – 731ж.) – көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы.  Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды. Күлтегіннің эпитафиясын – VIII ғасырдағы түркі руникалық жазбасының ескерткішін 1889 жылы Орхон өзенінің (Моңғолия) бойынан Кошо-Цайдам даласында Н.М. Ядринцев тапты. Жазбалардың сырын 1893 жылы дат ғалымы, профессор Вильгельм Томсен ашты. Ескерткіште құнды  тарихи мәліметтер мен баға жетпес лингвистикалық материал бар.

​​​​​​​

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2017» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2017» Он бірінші халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. «Кәдесый монета» номинациясында екінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Сиқырлы нышандар» сериясындағы  «Таға» күмiс монетасы жеңіп алды. «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2016» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2016 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары – 2016» Оныншы халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастыру   комитетінің 2015 жылы шығарылған монеталар сериясына арнайы жүлдесін Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Теңге сарайы алды. «Қазақстанның ескерткіш монеталарының өзіндік қайталанбас стилі бар, сондықтан да олар монета нарығында сұранысқа ие. Ұлттық Банктің дизайнерлері және Теңге сарайының мамандары тамаша нәтижеге қол жеткізе отырып, өздерінің күш-жігерін және талантын барынша жұмсайды: қазақ монеталары әрдайым қызықты дизайнымен, жоғары дайындалу сапасымен және инновациялық технологияларды пайдаланумен ерекшеленеді».

                                                                                

МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2015» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы 25 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2015» ескерткіш монеталардың тоғызыншы халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Жыл монетасы» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынған «Ана» күміс монетасы жеңіп алды. «Ана» – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы.

                                                                                                                   

 

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2014» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2014» ескерткіш монеталардың сегізінші халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Кәдесый монета» номинациясында бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «Алма отаны» күмiс монетасы жеңіп алды. «Бірегей технология» номинациясында үшінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған «МИР» «Халықаралық ғарыш станциясы» биколорлы күмiс монетасы жеңіп алды.

МОНЕТА САРАЙЛАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ 28-ШЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 14 мамыр аралығында Мексиканың астанасы Мехико қаласында Монета сарайлары директорларының 28-шы конференциясы өтті, онда монеталар конкурсы өткізілді. Монета сарайлары директорларының конференциясына мүшелердің жасырын дауыс беруімен шығарылған шешімімен Қазақстанның «Алма отаны» коллекциялық күміс монетасына екі бас жүлде  берілді: «2014 жылда ең əдемі монета». «Қазақстан – ғаламшардағы алма  отаны» – Оксфордтағы британ ғалымдары біздің «жабайы» және басқа жемістер сорттарының ДНҚ зерттеп, осы тұжырымға келді. АҚШ, Канада және басқа мемлекеттердің ғалымдарымен бірлесіп олар әлемде кеңінен белгілі сорттардың негізінде қазақстандық жабайы алманың гендері жатқанын дәлелдеді.

 

«ВИЧЕНЦА НУМИЗМАТИКА - 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы 14 ақпанда Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2014» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Республика игілігі» сериясындағы «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы 2012 жылы соғылған "Ең үздік монета" ретінде осы беделді конкурста екінші жүлдеге ие болды. Мұндай жоғары марапат символдық объектілерді бірегей әзірлегені және жоғары технологиялық өндірісте бірегей тұрғыдан қолданылатын күміс пен танталды шебер үйлестіргені үшін берілді. Бұл монета ғарышты және әлемдегі ең әйгілі ғарыш алаңдарының бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды жетістіктерді паш етеді.

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2013» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Монета жұлдыздары - 2013» ескерткіш монеталардың жетiншi халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсiмi өтті. «Жыл монетасы» номинациясында үшiншi орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ұсынған алтын жалатылған «Тамғалы Петроглифтері» күмiс монетасы жеңіп алды.

Ұйымдастыру Комитетімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне «Республика Ігілігі» монеталар сериясы үшін арнайы жүлде берілді. Бұл серияға төрт монеталар кіреді: «Есік көсемі», «Байқоныр», және «Тамғалы Петроглифтері» екі күміс монетасы.

10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТ 2011 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАНКНОТЫ

Халықаралық банкнот қауымдастығы (IBNS) конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, номиналы 10 000 теңгелік қазақстандық банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» номинациясында жеңіп шықты. Банкноттың дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дизайнерлері жасады. Марапаттың маңыздылығы: жеңімпазды таңдауды қандай да болмасын банкнотты ілгерілетуге мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және ол банкноттың дизайнын эстетикалық қабылдауға, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғаудың қолданылған тәсілдеріне негізделеді.

 

  

«ВИЧЕНЦА НУМИЗМАТИКА – 2012» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2012  жылғы 25 қыркүйекте Виченца қаласындағы (Италия) «Vicenza Numismatica - 2012» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ғарыш» сериясындағы «Тұңғыш ғарышкер» ескерткіш күміс монетасы  «Ерекше пікір» номинациясында жүлде алды. 

 

БЕРЛИНДЕГІ «WORLD MONEY FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ «KRAUSE PUBLICATIONS» ӨТКІЗЕТІН МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2011 жылғы 29 қаңтарда Берлинде «World Money Fair» халықаралық көрмесінде Krause Publications өткізген конкурстың қорытындылары шығарылды. Конкурс шеңберінде монета сарайларында соғылған немесе мемлекеттік органдар – эмитенттер шығарған бірнеше номинациядағы ең үздік жыл монеталары анықталды. Құрамында монета сарайларының, Орталық банктердің, мұражайлардың, нумизматикалық ұйымдардың, журналистердің және жеке сарапшылардың 17 елден келген өкілдері бар конкурс комиссиясы конкурсты өткізу сәтінде шығарылған коллекциялық және ескерткіш монеталарды өз бетінше іріктейді. Монеталарды бағалауда дизайнның тартымдылығын, көркем орындалуын және соғу сапасын бағалау негізге алынды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлы қолбасшылар» сериясынан «Аттила» ескерткіш күміс монетасына «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» номинациясында «Жылдың ең үздік монетасы» наградасы берілді.

 

МОНЕТА САРАЙЛАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ 26-ШЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2010 жылғы 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында Австралияның астанасы Канберра қаласында Монета сарайлары директорларының 26-шы конференциясы өтті, онда монеталар конкурсы өткізілді. Монета сарайлары директорларының конференциясына мүшелердің (50 дауыстың 47-сі) жасырын дауыс беруімен шығарылған шешімімен Қазақстанның «Жолбарыс» коллекциялық күміс монетасына Австралияда екі бас жүлде  берілді: «Ең əдемі монета» жəне  «Ең технологиялық тұрғыдан табысты жасалған монета».

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2010» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ТӨРТІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«Монета жұлдыздары – 2010» ескерткіш монеталардың төртінші халықаралық конкурсының қазылар алқасының шешімімен «Аттила» ескерткіш күміс монетасы «Жыл монетасы» номинациясында дипломмен марапатталды. Марапаттау рәсімі 2010 жылғы 10 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтті.

БЕРЛИНДЕ «WORLD MONEY FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ «KRAUSE PUBLICATIONS» ӨТКІЗЕТІН МОНЕТАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» номинациясында «Жыл монетасы 2010» марапатын алды. Марапаттау рәсімі 2010 жылғы 30 қаңтарда Берлинде дүниежүзілік ақша көрмесінде өтті.

 

«ВИЧЕНЦА НУМИЗМАТИКА – 2009» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2009 жылғы 1 қарашада Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2009» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Шыңғыс хан» монетасына «Монетаның бет  жағында қолданылған өзіндік ерекшелігі сырт жағындағы Шыңғыс ханның сапалы орындалған бейнесі үшін» ІІ орын берілді.

 

«МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2009» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2009 жылғы 24 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында «Монета жұлдыздары-2009» ескерткіш монеталардың үшінші халықаралық конкурсының қорытындылары шығарылды. «Монета жұлдыздары – 2009» конкурсына қатысуға әлемнің 21 елінен 176 монета ұсынылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Диадема бөлігі» ескерткіш күміс монетасы «Бірегей идеялық шешім» номинациясында II орынды иеленді жəне «Монета жұлдыздары-2009» ескерткіш монеталардың үшінші халықаралық конкурсы əділқазылар алқасының шешімімен тиісті дипломмен марапатталды.

 

                                                                      

МОНЕТА ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2007» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРДЫҢ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ (РЕСЕЙ, СУЗДАЛЬ Қ.)

2007 жылы Суздаль қаласында (Ресей) ТМД және Балтық елдерінің ең үздік монетасына арналған «Монета жұлдыздары-2007» атты бірінші конкурстағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық монеталар үш номинацияда жеңіске жетті: «Шабандоз» күміс монетасы «Жылдың күміс монетасы» номинациясында бірінші орынға ие болды. «Регель қызғалдағы» монетасы «Монета – ең жақсы сыйлық» және «Көрермендер көзайымы» номинацияларында жеңіске жетті.  2007 жылғы 19 қазанда «Vicenza Numismatica – 2007» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тантал қосылған «Ғарыш» ескерткіш күміс монетасы 2006 жылы соғылған әлемдегі ең үздік монета ретінде бірінші орынға ие болды. Марапат эстетикалық аспектілері мен монетаның мәніне берілді.

 

                                                                                 

«ҒАРЫШ»

2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі» (Италия) атты монеталық өнімдердің байқауына қатысты. 2007 жылдың 8 маусымында Вичензадағы көрмеде Vicenza Numizmatika сайысының 4-ші шығарылым жеңімпаздары ресми жарияланды. Бірінші жүлде эстетикалық аспектілері мен монетаның мәніне беріледі. Қазақстан Ұлттық Банкі осы байқауда «Ғарыш» монетасымен жеңіп шықты.

                                                                                                      

10 000 ТЕҢГЕЛІК «ЕҢ ҮЗДІК ЖАҢА БАНКНОТ»

Банкноттарды жасау, қолдан жасаудан қорғау және айналысқа енгізу мәселелеріне арналған және IACA (International Association of Currency Affairs) – Валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым өткізіп отырған Currency Conference 2007 халықаралық валюта конференциясының шеңберінде конкурс ұйымдастырылған болатын, оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттармен қатысты. «Ең үздік жаңа банкнот» номинациясында бірінші орын қазақстандық 10 000 теңгелік банкнотына берілді. 2006 жылғы қарашада шығарылған жаңа сериялы банкноттардың бірегей дизайны, күрделі және жоғары қорғалу деңгейі атап өтілді.

 

                                                                                                                         


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018