link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

5000 теңге

2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкноттың сипаттамасы

   

2011 жылғы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Өлшемі: 144х76 мм. Басым түсі: қызыл

Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі, барыстардың суреті. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы бөлікте Іле Алатауы аясында Алматыда орналасқан тәуелсіздік монументінің ең жоғарғы бөлігі, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты. Оң жақ бөлігінде алма және кептер бейнеленген голографиялық жолақтар бар. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортада – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығарушы банктің логотипі орналасқан. Төменгі сол жақ жоғарғы бұрышта банкнот номиналының белгіленуінен төмен қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.

15 жыл толуына арналған 2008 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

Банкнота өлшемі 144х76 мм қағазда дайындалған.

Беткі жағы: басым түсі күңгірт қоңыр-қызыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең және күңгірт сұр түсті жолақтарға ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, оларға ақ түсті сызықпен номиналдың цифрлық белгіленуінің контуры орналасқан. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының  мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы бейнеленген. Жоғарғы және төменгі шеттерінде «ТЕҢГЕГЕ ОН БЕС ЖЫЛ» деген қайталанып отыратын мерейтойлық жазулар орналасқан.

   

Банкнотаның төменгі бөлігінде алақанның суреті салынған. Төменгі сол жақ бұрышта жарқыраған күннің аясында анық жарқырап көрінетін және банкнотаның көлбеу бұрышы өзгергенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түріндегі Spark қорғаныш элементі орналасқан.

   

Жайылған қанаттар қыранның динамикалық қозғалысын бейнелей отырып жарқ-жұрқ етеді. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілде әріппен белгіленуі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу оң жақта төменде тігінен орналасқан, одан жоғарыда банкнотаны қолдан жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін, мемлекеттік тілде  «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағы: басым түсі күңгірт қоңыр-қызыл, суреттер негізінен көлбеу орналасқан. Негізгі бейнелер: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі алдыңғы көрініс, артқы көріністе Іле Алатауының таулары. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарғы орта тұсында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және эмитент банктің логотипі басылған. Банкнотаны қолдан жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
 

2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

Банкнота өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең-қызыл және қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда  номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі сол жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы, "Қазақстан" қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан бастап ақша айналысынан алынды және 2017 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) олар екінші деңгейдегі барлық банктер мен Қазпочтада айырбастауға жатады. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырылады. 2017 жылғы 4 қазаннан бастап екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі қабылдайды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына шығарылған мерейтойлық жазуы бар 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

Көлемі 149 х 74 мм. Басым түстері - қоңыр және күлгін. Жалпы таралымы - 1 000 000 дана.

Бет жағындағы негізгі бейне -  философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950) портреті. Банкноттың сол жақ жоғарғы бұрышына көкшіл бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деп жазылған. Портреттің төменгі оң жақ бұрышындағы 1998 жылғы үлгідегі банкноттарда қолданылған жасырын бейне мен күміс металл бояу түсі құбылып тұратын "Аспанда қалықтаған бүркіт пен күн" бейнесіне өзгертілген. Портреттің сол жағына машина арқылы оқуға болатын жіп орналастырылған және жарыққа тосып қарағанда көрінуі мүмкін.

Банкноттың сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі.

2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

Көлемі 149 х 74 мм. Басым түстері - қоңыр және күлгін.

Бет жағындағы негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950) портреті. Портреттің төменгі оң жақ бұрышындағы 1998 жылғы банкноттарда қолданылған жасырын бейне мен күміс металл бояу түсі құбылып тұратын "Аспанда қалықтаған бүркіт пен күн" бейнесіне өзгертілген. Портреттің сол жағына машина арқылы оқуға болатын жіп орналастырылған және жарыққа тосып қарағанда көрінуі мүмкін.

Банкноттың сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін  (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды.

1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

 

Көлемі 149 х 74 мм.

Бет жағы: басым түстері - қоңыр және күлгін. Банкноттың ортасына философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағына қызыл-қоңыр түспен жазылған "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген жазу бар. Портреттің сол жағына Әл-Фарабидің бір қырынан қарағандағы бейнесі және барыстың суреті салынған. Портреттің сол жағына "Қазақстан" деген жазуы бар металл жіп өткізілген және "5000" саны көрінеді. Портреттің сол жағында күміс бояумен орындалған екі бейне бар - егер бір бұрышынан қарағанда "5000" салынады, ал басқа бұрышынан қарағанда қазақ өрнегінің бір үзігі көрінеді. Портреттің сол жағына көлемі әр түрлі реттік нөмір тік сызықтың бойымен қызыл бояумен  және портреттің оң жағында реттік нөмір көлденеңінен қара бояумен салынған. Көлденеңінен жазылған реттік нөмірлердің астына Әл-Фарабидің аты және өмір сүрген жылдары көрсетілген. Портреттің жоғарғы сол жағына "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген жазу және Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар, сондай-ақ Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылып, 1998 - шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: басым түстер - қоңыр және қызыл. Бұл жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі. Кесененің сол жағына жоғарғы бұрышына ақшаның номиналы орыс тілінде сандармен және әріптермен көрсетілген. Жоғарғы сол жағына орыс тілінде "Подделка банкноты преследуется по закону" деп жазылған, сондай-ақ номиналы - 5000 саны көрсетілген.

Номиналы 5000 теңгелік  банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері

Мерейтойлық, 2001 ж.

2001 ж.

1999 ж.

 

 
 

Сол жақ жоғарғы бұрышы

 
 


  Орта тұсының төменгі оң жағы

 

 
 

Сол жақ жоғарғы бұрышы

 
 


  Орта тұсының төменгі оң жағы

 

 
 

Сол жақ жоғарғы бұрышы

 
 


  Орта тұсының төменгі оң жағы

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік, оның ішінде мерейтойлық жазуы бар банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбасталады. Екінші деңгейдегі банктер және Қазпочта оларды Ұлттық Банктің филиалдарына одан әрі сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды.

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018