link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Алтын барыс

жарияланым күні: 26.11.2009

"Алтын барыс" инвестициялық монеталар

10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге номиналдары айналысқа 2009 жылғы 27 қарашада шығарылды.

200 теңге, 500 теңге номиналдары айналысқа 2010 жылғы 01 желтоқсанда шығарылды.

Барлық монеталардың бет және сырт жағында ортақ бейнелер бар.

   

    

   

   

   

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, айналдыра ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның тиісті номиналын білдіретін («10 ТЕҢГЕ»; «20 ТЕҢГЕ»; «50 ТЕҢГЕ»; «100 ТЕҢГЕ»; «200 ТЕҢГЕ»; «500 ТЕҢГЕ») жазулар бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде барыс бейнеленген. Суреттің сол жағында соғылған жылын білдіретін саны орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра екі жолға мемлекеттік тілде «АЛТЫН БАРЫС» және ағылшын тілінде «GOLDEN IRBIS» деген сөздер жазылған, оң жағында – айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамын және тиісті монетаның унциядағы массасын білдіретін жазулар бар («Au 999,9 1/10oz»; «Au 999,9 1/4oz»; «Au 999,9 1/2oz»; «Au 999,9 1oz»; Au 999,9 2oz; Au 999,9 5oz). Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.
Қыры (гурты) бедерлі.

"Алтын барыс" инвестициялық алтын монеталарының параметрлері:

Номиналы
(теңге)

Массасы
(унция)

Массасы
(грамм)

Металдың
тазалығы

Диаметрі
(мм)

500

200

100

50

20

10

5,0

2,0

1,0

1/2

1/4

1/10

155,5

62,2

 31,1

15,55

7,78

3,11

999,9

999,9

999.9

999.9

999.9

999.9

50

38,61

32

25

20

16


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018