link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Әр түрлі алтын монеталар

жарияланым күні: 28.03.2003

Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар

2000 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Түркістан қаласы - Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Ұлы жібек жолының бұрынғы керуен жолдарының тоғысқан жеріне, сондай-ақ ұлы ақын және дінді уағызшы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесіне мінәжат етушілер үшін географиялық жағынан ыңғайлы орналасқандықтан, оның өркендеуіне және сауданың жандануына ықпал етті. Орталық Азия аймағының тарихи, мәдени және рухани өмірінде Түркістан қаласының атқаратын ролі зор.

Номиналы 500 теңге монета

  

Монетаның бет жағының (аверсінің) ортасына екі жолға монетаның құны - "500 ТЕҢГЕ" деп жазылған. Жоғарғы жағынан ұлттық өрнекпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгісімен жиектелген төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы "2000" деп жазылған. Оның сол жағындағы "Au 999" жазуы металдың сынамын білдіреді, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік қақпасы бейнеленген, оның астында моншақты жиек бар және болашақты мегзейтін әрі ордаға апаратын жолды бейнелейтін "1500 ЖЫЛ ТҮРКІСТАН" сөздері үш қатар етіп өріліп жазылған. "ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) түрлі бедерге толы.

Монета сынамы 999/1000 алтыннан жасалған, /P>

массасы - 7,78 грамм, диаметрі - 21, 87 мм, қалыңдығы - 1,6 мм,

"proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 1 мың дана.

"Алтын Адам"

номиналы 1000 теңге

2001 жылғы 12 қарашада айналысқа жіберілді.

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Қазақстан аумағын және Орта Азияны көне деректерде сондай-ақ азиялық скифтер деп аталған сақ тайпалары жайлаған. Бұл тайпалардың жоғары дамыған өзіндік мәдениетінің болғаны көбінесе ежелгі қорымдарды қазған кезде табылған археологиялық жаңалықтардан белгілі.

1969 жылы Есік қаласының маңынан табылған "Алтын Адамның" киімі (б.ғ. дейінгі ІІІ ғ.) қазіргі кезде музейлерде көрсетіліп жүр.

   

Монетаның жалтыраған бет жағының (аверсінің) ортасына бас киімнің элементін - бас киім маңдайшасының эмблемасын құрайтын тау ешкі мүйізді қанатты арғымақтың сұлбасы бейнеленген. Төменгі бөлігіне екі жолға монетаның құнын білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы, оның астына монетаның соғылған жылын білдіретін шеттерінде екі нүктесі бар "2001" саны орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деп жазылған. Жоғарғы бөлігіндегі жазулар бас киімді безендірген әшекейдегі оюмен бөлінген.

Алтын монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған бетіне "Алтын адам" макеті және оның кейбір алтын әшекейлері бейнеленген. Сол жақ бөлігіне - сауыт пен етіктің негізгі әшекейі болып табылатын жапсырмалар үлкейтіліп салынған. Оң жақ бөлігінде барыс түріндегі жапсырмалар бейнеленіп, айналдыра орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, мемлекеттік тілде екі жолға "АЛТЫН АДАМ", ағылшын тілінде үш жолға "GOLDEN MAN" және ақшаның салмағын білдіретін "7,78 gr." деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "·Au 999·" жазуы бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тұтас бедерленген.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, салмағы - 7,78 грамм, диаметрі - 21,87 мм, қалыңдығы - 1,6 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 2 мың дана.

 

Биіктікке секіру. 2008 жылғы Олимпиада ойындары

номиналы 500 теңге

2008 жылғы 7 наурызда айналысқа жіберілді.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 7.78g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде  «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағының (реверсінің) ортасына спортшы қыздың биіктікке секіру бойынша сайыс сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Олимпиадалық ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сан және ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі 1 мм дейін үш гауһар орнатылған, «proof» сапасымен дайындалған. Ең көп таралымы – 5 мың дана.

Ұлттық валютаны енгізудің 15 жылдығына арналған ескерткіш монеталардың сипаттамасы

номиналы – 50 000 теңге

айналысқа 2008 жылғы 1 қарашада шығарылды.

 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде  монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валюта нышандары суретінің аясында үш монетадан – «Шабандоз», «Қызғалдақ» және «Ғарыш»  монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта – теңге нышанының  графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар:  999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 1000 грамм, диаметрі - 100 мм., «рroof» сапасымен жасалған, таралымы - 100 дана.

«Биатлон. Олимпиада ойындары – 2010»

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 7.78g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде  «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде әр түрлі сайыс үстіндегі үш биатлоншының бейнесі бар. Жоғарғы бөлікте үшеуінде гауһар  орнатылған бес ату нысанасы бейнеленген. Оң жағында Олимпиадалық ойын өткізілетін жылды білдіретін «2010» деген сан, төменгі бөлікте – ағылшын тілінде  «OLYMPIC GAMES» деген жазу бар. 

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі. 

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі 1 мм дейін үш гауһар орнатылған, «proof» сапасымен дайындалған. Ең көп таралымы – 5 мың дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 3 000 дана).

«Жолбарыс»:

номиналы – 500 теңге;

2009 жылғы 4 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің сол жағында  монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999», оң жағында – монетаның массасын білдіретін «7,78gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жолбарыстың бейнесі орналастырылған. Монетаның төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖОЛБАРЫС», ағылшын тілінде «TIGER», соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. 

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета  999 сынамды алтыннан дайындалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы  - 3 мың дана.

«Барыс»:

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2010 жылғы 29 наурызда шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау шатқалының аясында екі барыстың бейнесі орналасқан. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «UNCIA UNCIA» деген жазу бар  және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета  999 сынамды алтыннан дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындалу сапасы – «proof», ең көп таралымы  - 1500 дана (1 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Барыс»

номиналы – 100 теңге

2012 жылғы 12 қазанда айналысқа шығарылды

   


 Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жазылған. Сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999», оң жағында массасын білдіретін «1,24g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.   

 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген жартасты тау аясында  екі барыс бейнеленген. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық атауын білдіретін «UNCIA UNCIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар. 

Қыры (гурты) бедерлі.


Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы – 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, дайындалу сапасы – «proof», ең көп таралымы – 9,5 мың дана.

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018