link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстанның қызыл кітабы монеталары

жарияланым күні: 20.01.2009

«Алтай ұлары» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың  оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында  (реверсінде) таудың тасты беткейіндегі қос алтай ұларының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТАЙ ҰЛАРЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан және зоологиялық аты – латын тілінде «TETRAOGALLUS ALTAICUS» деген жазу жазылған.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Жалбағай

2007 жылғы 20 шiлдеде айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және оның үстінде «ТЕҢГЕ» деген жазу жазылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасының аясында жалбағайдың бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ЖАЛБАҒАЙ» және осы түрдің зоологиялық аты латын тілінде «PLATALEA LEUCORODIA» деген жазу жазылған. Оң жақ бөлігінде жасалған жылын білдіретін «2007» деген сан бар.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм,  салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Тянь-шань қоңыр аюы монетасы

2008 жылғы 5 шілдеде айналысқа шығарылды.

   

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың оң және сол жағында айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орман өскіндері аясында тянь-шань қоңыр аюының суреті және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ» және латын тілінде «URSUS ARCTOS ISABELLINUS» – түрдің зоологиялық атауы жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік жүргізілген.

Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.

Диаметрі – 31 мм,  массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 50 мың дана.

«Үнді жайрасы»

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 TEҢГE» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген. 

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада үнді жайрасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮНДІ ЖАЙРАСЫ» және латын тілінде «HYSTRIX LEUCURA SATUNINI» түрдің зоологиялық атауы жазылған. Орта бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналасқан.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік жүргізілген.

Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.

Диаметрі – 31 мм,  массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 50 мың дана.

«Бұйра бірқазан»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды

    

Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде, стильдендіріліп бейнеленген бұйра бірқазан басының үстінде жазу, нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жақ бөлікте су айдыны аясында екі құс бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.  

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада бұйра бірқазанның суреті орналасқан. Айналдыра  мемлекеттік тілде «БҰЙРА БІРҚАЗАН» және латын тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PELECANUS CRISPUS» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан орналасқан.

Таралымы – 50 мың дана.

«Қаршыға реңді жапалақ»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 11 мамырда айналысқа шығарылды

    

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ»,  Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, ағаш бұтақтары және ұшып келе жатқан жапалақ бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Оң жақ бөлігінде жапалақтың стильдендірілген бейнесі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қаршыға реңді жапалақтың бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРШЫҒА РЕҢДІ ЖАПАЛАҚ» деген жазу, латын тілінде «SURNIA ULULA» түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін  «2011» деген сан. Жазулар және сандар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.  

 

«Дәуіт»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 24 тамызда айналысқа шығарылды

     


Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ»,  Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылғ ан жылын білдіретін «2012» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Оң жағында дәуіттің өзіне тән өмір сүру ортасы – шөптердің арасындағы дәуіт бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында екі дәуіттің бейнесі берілген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДӘУІТ» деген жазу, дәуіттің зоологиялық атауын білдіретін латын тілінде «HIERODULA TENUIDENTATA» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.
Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.
Таралымы –  50 мың дана.  


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018