link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары

жарияланым күні: 20.01.2009

"Бесiкке салу"

Номиналы - 50 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының фонында бесікке бала бөлеп отырған әйелдің суреті салынған. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕСІККЕ САЛУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2006" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Диаметрі - 31 мм. 

Массасы - 11,17 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.


"Тұсау кесу"

Номиналы - 50 теңге.

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының аясында баланың алғашқы қадам жасауына байланысты дәстүр – "Тұсау кесу" дәстүрінің эпизоды бейнеленген. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "ТҰСАУ КЕСУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Диаметрі - 31 мм. 

Массасы - 11,17 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.


"Қыз қуу монетасы"

Номиналы - 50 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны "Қыз қуу" эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚЫЗ ҚУУ" деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген. 

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Диаметрі - 31 мм.

Массасы - 11,17 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.


"Беташар"

Номиналы – 50 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) "Беташар" (қалыңдықтың бетін ашу дәстүрі) ұлттық салт-дәстүр эпизоды бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕТАШАР" деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Диаметрі - 31 мм.

Массасы - 11,17 грамм.

Таралымы - 50 мың дана.

«Отау көтеру»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы  5 тамызда айналысқа шығарылды

    

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында сан «50» және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол және оқ жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жаңа отбасының бақыты үшін жаңа отауды – киіз үйді тігу кезіндегі шаңырақты (киіз үйдің төбесін) көтеру кезі бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «ОТАУ КӨТЕРУ» (жаңа отбасын, жаңа ошақ құруды, үйленуді білдіреді) деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан бар.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы –  50 мың дана. 

«Айтыс»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан  «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қыз бен жігіт арасындағы айтысу сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мемлекеттік тілде «АЙТЫС» деген жазу бар, сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан  бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.

 

«Наурыз мейрамы»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 20 наурызда айналысқа шығарылды

   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  300 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018