link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Айуандар

жарияланым күні: 25.01.2009

Cuon Alpinus (Қызыл бөрі).

Номиналы – 500 тенге.

2005 жылғы 23 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

  

Монетаның бет жағының (аверсінің)  орталық бөлігінде Қазақстан  Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында “500” саны және монетаның номиналын білдіретін  "ТЕNGЕ" жазуы орналасқан.  Монетаны айналдыра   жиек жүргізілген және  ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN”  деген жазу, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін “1/4 oz Au 999” жазуы және монетаның соғылған жылын білдіретін "2005" саны жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі)  орталық бөлігінде көзіне гауһар  орнатылған қызыл бөрінің басы бейнеленген. Жоғарғы және оң жақ бөліктерінде монетаны айналдыра  латын тілінде "CUON ALPINUS" жазуы – бөрінің зоологиялық аты жазылған. Айналдыра жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан  жасалған.

Массасы – 7,78 грамм.

Диаметрі – 25 мм,  әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 4 000 мың дана.


Сілеусін

Номиналы – 500 тенге.

2008 жылғы 22 шілдеде айналысқа шығарылды.

     

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астына монетаның номиналын білдіретін "500 TENGE" деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген сөздер  жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "1/4 oz Au 999" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан орналасқан. Жиектегі жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада көздеріне гауһар орнатылған сілеусіннің басы бейнеленген. Жоғарғы және сол жақ бөлігінде  айналдыра түрдің зоологиялық атауы – латын тілінде "FELIS  LYNX" деген жазу жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  бұдырлы.

Монета 999 сынамды алтыннан.

Массасы – 1,4 oz (7,78 грамм).

Диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 5 000 мың дана.


Барыс

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 TENGE" деген жазу бар. Айналдыра ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген сөздер, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "1/4 oz Au 999" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан орналасқан. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада екі көзіне гауһар орнатылған барыстың басы бейнеленген. Сол жақ және жоғары бөліктерінде айналдыра латын тілінде –   "UNCIA UNCIA" түрдің зоологиялық аты жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан.

Массасы – 1/4 oz (7,78 грамм), диаметрі – 25мм.

Диаметрлері 1,2  миллиметр және 1 миллиметр екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы  - 5 000 мың  дана.

«Үкі»
номиналы – 500 теңге
2012 жылғы 12 қазанда айналысқа шығарылды

                      

   


Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның астында монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/4 oz  Au 999» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында үкінің басы бейнеленген. Үкінің бір көзіне гауһар орнатылған. Сол және жоғарғы бөліктерде айналдыра ағылшын тілінде түрдің атауын білдіретін «EAGLE OWL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурт)  бедерлі.

Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы – 1/4 oz (7,78 грамм), диаметрі – 25 мм., диаметрі 1,2 мм. бір гауһар орнатылған, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018