link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Әлемнің ең кіші алтын монеталары

жарияланым күні: 25.01.2009

"Мидас патша" алтын монетасы.

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада  айналысқа шығарылды.

   

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде  "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін  "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) орта тұсына қолына бокал ұстаған Мидас патшаның "клине" төсегінде  жантайып жатқан бейнесі және түрлі тағамдар бейнеленген. Төменгі жағы өсімдіктермен көркемделген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "GOLD OF KING MIDAS" деп жазылған.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, "proof" cапасымен  жасалған."Крес патша" алтын монетасы.

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада  айналысқа шығарылды.

   

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде  "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін  "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) ортасына ертедегі грек храмының аясында Крес патшаның бейнесі бір қырынан салынған және алтын мен күмістен жасалған монеталар бар.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "KING KROISOS TREASURE" деп жазылған және грек ою-өрнегі – меандр салынған.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, "proof" cапасымен  жасалған.


"Марко Поло" алтын монетасы.

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада  айналысқа шығарылды.

   

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде  "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін  "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) орта тұсына Марко Полоның портреті салынып, оның оң жағына жүріп бара жатқан керуен мен кеменің бейнесі орналастырылған. Портреттің төменгі бөлігінде "1254-1324" деген жылдар көрсетілген және ағылшын тілінде "MARCO POLO"  деп жазылған стильденген лента бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, "proof" cапасымен  жасалған.


"Көне Түркістан" алтын монетасы.

Номиналы – 100 тенге.

2005 жылғы 16 cәуiрде айналысқа шығарылды.

   

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде  "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін  "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына сауда керуені және Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне айналдыра  ағылшын тілінде «ANCIENT TURKESTAN» деп жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, "proof" cапасымен  жасалған.

 

«EAGLE-HEADED GRIFFIN» (Қыран басты ит).

Номиналы – 100 тенге

2008 жылғы 31 мамырда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның  беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астына монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп,  ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер  жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/25 oz Au 999» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан орналасқан. Жиектегі жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Берел қорғанына жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған бұйым - мифтік мақұлық «Қыран басты ит» бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Монетаны айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде «EAGLE-HEADED GRIFFIN» деген жазу жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  бұдырлы.

Монеталар 999 сынамды алтыннан, массасы – 1,24 грамм, диаметрі – 13,92мм «proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы  - 18 мың дана.


«Жалаулы көмбесі».

(«Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»).

номиналы – 50 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жалаулы көмбесінен табылған бұғы түрінде бейнеленген алтын бұйым орналастырылған. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, жоғарғы бөлігінде – спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «ZHALAULINSKIY TREASURE» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан «proof» сапасымен дайындалған, массасы 0,5 грамм.

Ең көп таралымы 14000 (он төрт мың) дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).


«Жалаулы көмбесі».

(«Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»).

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жалаулы көмбесінен табылған бұғы түрінде бейнеленген алтын бұйым орналастырылған. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, жоғарғы бөлігінде – спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «ZHALAULINSKIY TREASURE» деге���� жазу бар.

Қ��ры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан «proof» сапасымен дайындалған, массасы 1,24 грамм.

Ең көп таралымы 9500 (тоғыз мың бес жүз) дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).


«Мысық тектес жыртқыш бұғылармен бірге»

(«Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»).

номиналы – 50 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мысық тәріздес жыртқыш аңның және екі бұғының бейнелері Берел қорғанындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған айнадағы кескіні түрінде бейнеленген жапсырма белдіктің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан. Айналдыра ағылшын тілінде «CAT PREDATOR HEAD» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан «proof» сапасымен дайындалған, массасы 0,5 грамм.

Ең көп таралымы 14000 (он төрт мың) дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).


«Мысық тектес жыртқыш бұғылармен бірге»

(«Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»).

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мысық тәріздес жыртқыш аңның және екі бұғының бейнелері Берел қорғанындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған айнадағы кескіні түрінде бейнеленген жапсырма белдіктің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан. Айналдыра ағылшын тілінде «CAT PREDATOR HEAD» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан «proof» сапасымен дайындалған, массасы 1,24 грамм.

Ең көп таралымы 9500 (тоғыз мың бес жүз) дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018