link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстанның өсімдік әлем

жарияланым күні: 30.11.2006

"Қазақстанның өсімдік әлем" монеталар сериясы

Қазақстанның өсімдік әлемінің сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлеріне арналған сериясы

«Регель қызғалдағы»

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Регель қызғалдағы – Қазақстанның жергілікті өсімдігі. Шу-Іле тауларында (Алматы облысының батыс бөлігі және Жамбыл облысының шығыс бөлігі) ғана тасты және жартасты беткейлерінде, қара түсті жалаңаш жартастарда жиі кездеседі. Қазақстан қызғалдақтарының ішіндегі ең ерекшесі – сабағы көлемді эллипс түріндегі жапырақтың бетінде көлденең тараққа ұқсаған көп өскіндер бар.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында өсімдіктердің жапырақтары негізіндегі композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазба орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» жазба айналдыра жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильге келтірілген тасты бет реңінде үш қызғалдақтан тұратын композиция бейнеленген. Монетаның сол жоқ бөлігіндегі қызғалдақ голографиялық бейнемен орындалған. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлікте мемлекеттік тілде «ҚЫЗҒАЛДАҚ» және латын тілінде «TULIPA REGELII» атауы жазылған. Жазбалар нүктемен бөлінген. Төменгі бөлікте соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 4 мың дана.


«Еңлікгүл»

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Еңлікгүлдің 30 жуық түрі бар, олардың 2 түрі Қазақстанда кездеседі. Латынша атауы гректің «леон» (арыстан) және «поду» (табан) деген сөздерінен шығады және өсімдікке ақ түкті түсінің арыстан аяғының түсімен ұқсас болуына байланысты берілген.

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында өсімдіктердің жапырақтары негізіндегі композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазба орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» жазба айналдыра жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильденген жазықтық фонында үш еңлікгүлден тұратын композиция бейнеленген. Төменгі еңлікгүлдің себеті голографиялық бейнемен орындалған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ЕҢЛІКГҮЛ» және латын тілінде түрінің аты «LEONTOPODIUM» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, шығару сапасы - «proof», таралымы – 4 мың дана.


«Ольга зығыры»

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 1 тамызда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның  беткі жағында (аверсінде) ортада өсімдіктердің жапырақтары негізінде  композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Ольга зығырының гүлдерінен композиция бейнеленген, олардың біреуі голографиялық бейнелеуде орындалған. Оң жақ бөлігінде  - айналдыра мемлекеттік тілде «ОЛЬГА ЗЫҒЫРЫ» және латын тілінде – түрдің атауын білдіретін «LINUM OLGAE» деген жазу,  соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  бұдырлы.

Монета  сынамы 925 күмістен,  массасы – 31,1 грамм,  диаметрі – 38,61 мм,  «proof» сапасымен дайындалған, таралымы  - 4 мың дана.


«Алматы апорты»

номиналы - 500 теңге

2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған.

      

Монетаның бет жағында (аверсінде) өсімдік жапырағының негізінде композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада алма ағаштың гүлдеп тұрған бұтағынан композиция бейнеленген, онда гүлдің бір бөлігі Алматы апортының жемістерімен голографиялық бейнелеумен орындалған. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ АПОРТЫ» және ағылшын тілінде «ALMATY APORT» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  «proof» сапасымен жасалған, таралымы - 4 мың дана.

«Жабайы көкнәр»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) өсімдік жапырақтарының негізінде композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде көкнәрдің гүлдері мен қауыздарынан композиция бейнеленген, гүлдердің біреуі голографиялық бейнелеумен орындалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖАБАЙЫ КӨКНӘР» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, латын тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PAPAVER PAVONINUM» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы - 4 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018