link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Көшпенділер алтыны

жарияланым күні: 10.11.2004

"Алтын бұғы"

номиналы - 500 теңге

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Осы күміс монета дизайнында Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көшпенділердің алтын бұйымдарының бейнелері пайдаланылатын  монеталардың жаңа сериясын ашады. Монета үстіңгі жағын алтындату технологиясымен дайындалған.

Жатқан бұғы бейнесіндегі белдіктің қапсырмасы. Алтын. "Есік" қорғаны. Алматы облысы. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – III ғасырдың басы.

   

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді. Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орта тұсына жатқан бұғы түріндегі  белдік қапсырмасының алтындатылған бейнесі салынған. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АЛТЫН БҰҒЫ" деген жазу және спиральдың геральдикалық бейнесі, төменгі бөлігінде ағылшын тілінде "THE GOLDEN DEER" деген жазу бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ" және ағылшын тілінде "THE GOLD OF NOMADS" деген ойып жазылған жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2004"саны орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған диаметрі – 38,61 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы – 5 мың дана.


"Жолбарыстың басы"

номиналы - 500 теңге

2005 жылғы 15 қарашада айналысқа шығарылды.

Алтын адам киіміндегі белдік бұйымы  атрибуттарының бірі –  жолбарыстың басы түрінде дайындалған ойық  бейнеленген. Алтын. «Есік» қорғаны. Алматы облысы. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – III ғасырдың басы.

   

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді. Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орталық бөлігіне жолбарыстың басы түріндегі ойықтың алтындатылған бейнесі және  оның үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Сол жақ бөлігінде мемлекеттік тілде “ЖОЛБАРЫСТЫҢ БАСЫ” деген жазу, оң жақ бөлігінде ағылшын тілінде “THE HEAD OF TIGER” деген жазу бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ” және ағылшын тілінде “THE GOLD OF NOMADS” деген ойып жазылған жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін “2005”саны орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған диаметрі – 38,61 мм, "proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы – 5 мың дана.


"Шабандоз"

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

      

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді. Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін  "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағына (реверсіне) орта бөлігінде ежелгі алтын белгінің шауып келе жатқан салт атты түріндегі алтындалған бейне орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде «ШАБАНДОЗ» және ағылшын тілінде «RIDER» деген жазу айналдыра жазылған, төменгі бөлігінде - спиральдың геральдикалық бейнесі. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған диаметрі – 38,61 мм, "proof" сапасымен шығарылған, таралымы – 5 мың дана.


"Жүзік"

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді. Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт  түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде адам бейнесінің рельефімен салынған алтындалған көне жүзіктің бейнесі орналастырылған. Төменгі жағында айналдыра мемлекеттік тілде «ЖҮЗІК» және ағылшын тілінде «SEAL-RING» деген жазулар жазылған, ал жоғарғы жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ көмкерме өтеді, онда айналдыра  ойып мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған диаметрі – 38,61 мм, "proof" сапасымен шығарылған, таралымы – 5 мың дана.


"Диадема бөлігі"

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 6 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

   

Монета  пішіні он екі қырлы етіп жасалған. Монетаның беткі жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі,  монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айн��лдыра  жалпақ күң������ір�� жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орта бөлігінде Қарғалы шатқалынан  бейнеленген безендірілген алтын диадема фрагментінің алтындалған бөлігі орналастырылған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ДИАДЕМА БӨЛІГІ» деген жазу және спиральдың геральдикалық бейнеленуі, жоғарғы бөлігінде ағылшын тілінде «FRAGMENT OF A DIADEM» деген жазу бар. Монетаны айналдыра  жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ», ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған.  Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  жылтыр, бұдырсыз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,  массасы - 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі - 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана.


"Сатир"

номиналы – 500 теңге

2009 жылғы 23 мамырда айналысқа шығарылды.

    

Монета  пішіні он екі қырлы етіп жасалған. Монетаның беткі жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі,  монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айн��лдыра  жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.  Жазулар нүктелермен бөлінген.

 Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ежелгі грек мифологиясының кейіпкері - Сатирдің ою-өрнекпен алтындап безендірілген бейнесі бар қылыштың безендіру элементі бейнеленген. Төменгі жағында айналдыра мемлекеттік тілде «САТИР» және ағылшын тілінде «SATIR» деген жазулар жазылған, ал жоғарғы жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт)  жылтыр, бұдырсыз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,  массасы - 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі - 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана.

«Бұғылар. Әшекейлер»

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2010 жылғы 11 желтоқсанда шығарылды

   

Монета он екі қырлы нысанда жасалған. Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу орналастырылған. Сол жақ бөлігінде төрт салт атты бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде екі бұғы түрінде әшекей-ілгек бейнеленген. Жоғарғы  жағында айналдыра мемлекеттік тілде «БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР» және ағылшын тілінде «BUCKLES. DEERS» деген жазу жазылған, ал төменгі  жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.
 Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proоf», таралымы – 5 мың дана.

«Бұланның басы»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 қазанда айналысқа шығарылды

   

«Бұланның басы» ескерткіш күміс монетасының сипаттамасы:
Монета он екі қырлы нысанда жасалған. Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айналдыра  жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде бұланның басы бейнеленген алтындатылған тоғаның бейнесі орналастырылған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БҰЛАННЫҢ БАСЫ» және ағылшын тілінде «ELK´S HEAD» деген жазу, жоғарғы бөлігінде – спиральдің геральдикалық бейнеленуі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ», соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты)  жылтыр, бедерсіз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,  массасы – 31,1 грамм,  сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы  - 5 мың дана.

 

 «Бұлан. Бастырма»

 номиналы – 500 теңге

 2012 жылғы 23 қарашада айналысқа шығарылды

   

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу орналастырылған. Сол жақ бөлігінде төрт салт атты бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жатқан бұлан түрінде жасалған қанжар қынының үстіне алтын жалатылған бастырма бейнеленген. Жоғарғы  жағында спиральдың геральдикалық бейнесі. Айналдыра мемлекеттік тілде «БҰЛАН. БАСТЫРМА» және ағылшын тілінде «ELK.PLAQUE» деген жазу жазылған.  Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proоf», таралымы – 5 мың дана.

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018