link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Спорт сериясы

жарияланым күні: 09.08.2004

2006 FIFA WORLD CUP GERMANY тм

2004 жылғы 31 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монета алдағы 2006 жылы Германияда өтетін футбол бойынша әлем чемпионатына арналған.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде  "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағына (реверсіне) стильді футбол добы көрінісінде Алматы қаласының Орталық стадионында орнатылған "Футболшылар" мүсіндік композициясы (авторы Усачев П.Д.) бейнеленген. Мүсіндік композицияның оң жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, сол жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 31,1 gr." деген жазулар бар.  Монетаны айналдыра  ағылшын тілінде  "2006 FIFA WORLD CUP GERMANY тм" деген сөздер  ойылып жазылған.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған


"OLYMPIC GAMES 2004"

2004 жылғы 31 шілдеде айналысқа шығарылды.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесі жиектелген және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын және соғылған жылын білдіретін  "Ag 925. 31,1 gr. 2004” деген сөздер жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі  орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде  "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағына (реверсіне) айналы бетіне велосипедшілердің бейнесі орналастырылған және жоғары жағына ағылшын тілінде  "OLYMPIC GAMES 2004" деген сөздер айналдыра  жазылған.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған


"OLYMPIC GAMES 2006"

2005 жылғы 1 шілдеде айналысқа шығарылды.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін "2005" саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "TENGE" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде  "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағының (реверсінің) ортасына үш шаңғышының жарысып келе жатқан сәті бейнеленген. Оң жағына  ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES 2006" деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 31,1 g" деген сөздер жазылған.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған


"OLYMPIC GAMES 2008"

2006 жылғы 29 қарашада айналысқа шығарылды.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін «2006» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағының (реверсінің) ортасында жарыс кезіндегі рингтегі боксшылар және Олимпиялық ойындар өтетін жылды білдіретін «2008» деген сан бейнеленген. Сол жағын айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған. Үстінен ұлттық ою-өрнекпен шектелген төменгі бөлікте Қазақстан мемлекеттік туы нышандарының бірі және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған


"OLYMPIC GAMES 2008"

2008 жылғы 7 наурызда айналысқа шығарылды.

   

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, спорт стадионының стильді бейнесімен жиектелген, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «ТЕNGЕ» жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі  орналастырылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде  «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағының (реверсінің) ортасына бессайысқа қатысты спорт түрлері бар розетка бейнеленген, ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу және Олимпиадалық ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сан жазылған.

31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған


«Трамплиннен секіру. Олимпиадалық ойындар - 2010»

 2009 жылғы 23 мамырда айналысқа шығарылды.

    

Монетаның  бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, спорт стадионының стильді бейнесімен жиектелген, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «ТЕNGЕ» жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі  орналастырылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде  «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның  сырт жағына (реверсіне) орталық бөлігінде трамплиннен секіру бойынша жарыс сәтінде секіріп келе жатқан шаңғышының бейнесі. Оң жақ бөлігінде Олимпиадалық ойын өткізілетін жылды білдіретін «2010» деген сан, ал сол жағында спорттың қыстық түрін білдіретін қар ұшқыны бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген сөздер ойылып жазылған.

31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталардың номиналы 100 теңге 

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған

Ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).


«FIFA 2010 Оңтүстік Африка Республикасында өтетін футболдан әлем чемпионаты»

айналысқа 2010 жылғы 23 қаңтар шығарылды.

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу жән�� монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде  «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер  ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ойын сәтіндегі екі футболшы доппен бірге бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «2010 FIFA WORLD CUP SOUTH AFRICA TM» деген жазу бар. 

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі. 

номиналы – 100 теңге

Монета 925 сынамды күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 10 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012»

номиналы – 100 теңге

2010 жылғы 23 қазанда айналысқа шығарылды

    

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде еркін күрестен сайыс кезіндегі екі палуанның бейнесі. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде  «OLYMPIC GAMES» деген жазу орналастырылған.

Қыры (гурты) бедерлі. 

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, «proof» сапасымен дайындалған, ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Ауыр атлетика. Олимпиада ойындары 2012»

номиналы – 100 теңге

2011 жылғы  5 сәуірде айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы стильдендірілген стадион суретімен қоршай  бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан.  Сол жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте ауыр атлетика бойынша сайыс үстіндегі штанга көтеруші бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін  «2012» саны жазылған. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі. 

Монета 925 сынамды күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Конькимен сырғанау спорты. Олимпиада ойындары 2014»

номиналы – 100 теңге

2011 жылғы  28 желтоқсанда айналысқа шығарылды

   

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы стильдендірілген стадион суретімен қоршай  бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан.  Сол жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте коньки тебушінің мұз жолдың үстімен жарыс кезіндегі сәті бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі қар ұшқыны, оң жақ бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін «2014» саны жазылған. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі. 
Монета 925 сынамды күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған.
Ең көп таралымы – 8 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018