link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

ҚХР Төрағалығымен өткен «Үлкен жиырмалық» саммиті

Үлкен жиырмалық (G-20, Жиырмалықтың тобы) — экономикасы анағұрлым дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттердің үкіметтері мен орталық банк басшыларының клубы. Оның қатысушылары болып ең ірі 20 ұлттық экономика табылады — Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд  Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, ОАР, Жапония  және Еуропалық одақ. Еуропалық одақты Еуропалық комиссияның төрағасы мен Еуропалық кеңестің төрағасы танытады. Сондай-ақ, әдетте G20 кездесулеріне түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады, олардың ішінде Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңес, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік банк бар.   

Жалпы алғанда, G20-ға әлемдік жаппай ұлттық өнімнің 85 %-ы, әлемдік сауданың 75 %-ы (ЕО-ң ішіндегі сауданы қоса алғанда) және әлем халқының үштен екі бөлігі қатысады.

G20 халықаралық қаржы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық пен консультацияларға арналған алаң болып табылады. 2008 жылға дейін топ жоғары деңгейдегі саммиттерді өткізген жоқ, оның қызметінің негізгі нысаны қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының деңгейіндегі жыл сайынғы кездесулер болды. 

2016 жылы ҚХР G20 шеңберіндегі іс-шаралардың Төрағасы болды. Осыған байланысты G20-ң 11- Саммитінің іс-шараларына қатысу үшін қытай тарабы Қазақстан Республикасын шақырды. Осылайша, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына 11-Саммиттің жұмысына қатысу туралы ресми шақырту келіп түсті (2016 жылғы 4-5 қыркүйек,   Ханчжоу қ., ҚХР).

G20 регламентіне сәйкес Саммитке шақырылған тараптар 2016 жылғы салалық жұмыс топтарының отырыстарын, министрлердің мәжілістерін, форумдар мен конференцияларды қоса алғанда, тиісті деңгейдегі барлық дайындық шараларына белсенді қатысады.   

«Инновациялық, салауатты, өзара байланысты және инклюзивтік әлемдік сауда құрылысы» кезекті саммиттің тақырыбы болып табылады. Бұл кездесу бірқатар экономикалық және қаржылық мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Қаржы министрлері мен орталық банк төрағалары кездесуінің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:   

  1. Тұтыныс тарапының саясатына және ұсыныс тарапынан реформаға көңіл бөлу;
  2. Жаһандық экономикалық басқаруды жақсартудың маңыздылығын бірінші кезекке шығару;
  3. Прагматикалық және нәтижеге бағдарланған қағидаларды ұстану.


G20 Саммитінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қаржы министрлерінің  және G20 елдері орталық банктері төрағаларының кездесулеріне қатысады. Бірінші кездесу ҚХР Шанхай қаласында (2016 жылғы 26-27 ақпанда), екіншісі Вашингтон қаласында (2016 жылғы 14-15 сәуірде), үшінші кездесу ҚХР Чэнду қаласында (2016 жылғы 23-24 шілдеде) өтеді.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018