link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Мүлікті жария ету
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ақша-кредит саясаты

Инфляция және инфляциялық күтулер
Инфляциялық таргеттеу
Базалық мөлшерлеме
Айырбастау бағамының саясаты
АКС-тың негізгі бағыттары
АКС бойынша шешімдерді қабылдау процесі
АКС бойынша баспасөз релиздері
АКС құралдары
Инфляцияға шолу
Экономикалық зерттеу
Кәсіпорындар мониторингі
Экономикаға қысқаша шолу
АКС бойынша сұрақ-жауап

Айырбастау бағамының саясаты

Айырбастау бағамы саясатының қолданыстағы режімі – бұл теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы. Айырбастау бағамы іргелі факторлардың ықпалымен қалыптасады. Қазақстандық теңгенің серпіні үшін мұнайдың әлемдік бағасы, сондай-ақ негізгі саудадағы әріптес елдердің, бірінші кезекте Ресейдің валюталар бағамы негізгі іргелі факторлар болып табылады.

Теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамының режімі туындайтын сыртқы күйзелістерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Нақты айырбастау бағамының тепе-тең деңгейіне нарықтық тұрғыдан қол жеткізу, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге  қабілеттілігін сақтау, ағымдағы операциялар шоты бойынша елеулі теңгерімсіздіктердің алдын алу және халықаралық резервтердің төмендеуіне жол бермеу өзгермелі айырбастау бағамы режімінің басымдықтары болып табылады. Ұлттық Банк бағам белгілеу процесіне араласпайды, бұл ретте теңге бағамының тым артық өзгеруінің алдын алу үшін, сондай-ақ қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өктемдік жүргізуге құқығы бар. Өктемдіктер жалпы  алғанда өзгермелі айырбастау бағамы саясатына қайшы келмейді және оны орталық банктер, оның ішінде елдің халықаралық резервтерін толықтыру үшін жүргізе алады.

Валюталардың күн сайынғы ресми (нарықтық) бағамдары

 

Ұлттық Банк белгілейтін нарықтық және ресми бағамдар 6 қаңтардан бастап 1 ақпан аралығындағы кезеңде бағамдарды есептеу схемасымен айрықшаланды. Нарықтық бағам Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-дегі жағдай бойынша биржаның таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы ретінде қалыптасты, қалған валюталарға қатысты сағат 15.00-де қайта есептеу жүргізілді, ал ресми бағам 2 сессияның (таңғы және күндізгі сағат 15.30 жағдай бойынша) қорытындылары бойынша қалыптасты және сағат 16.00-де басқа валюталарға  қатысты қайта есептеу жүргізілді. 

Ресми және нарықтық бағамдар бойынша бағамдарды есептеу схемасы 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап бірдей, осыған байланысты файл да 2016 жылғы 6 қаңтарға дейінгі сияқты бұрынғы режімде қалыптасады.  2016 жылғы 6 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңдегі нарықтық бағамы бар мұрағатты  «Статистика» - «Валюталар бағамдары» - Валюталардың күн сайынғы нарықтық бағамдары (мұрағат) бөлімінде таба аласыз.


  
Айырбастау бағамының саясаты
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017