link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Зерттеулер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

10 000 теңге

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық банкнотының сипаттамасы

                     

2016 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Таралымы: 100 000 дана

Өлшемі: 149х79 мм

Бет жағында бейнелер басым түрде тігінен орналасқан. Банкноттың басым түсі көкшіл күлгін. Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер: «Қазақ Елі» монументі, Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің бір бөлігі – «Өмір ағашы». Голографиялық металл жолақта астананың көрінісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде «МӘҢГІЛІК ЕЛ» деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген. Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Жоғарғы оң жақ бұрышында шығарушы банк – «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», сондай-ақ қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазба бар.

Банкноттың сырт жағында бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған. Артқы көріністе Қазақстан картасы бейнесінің аясында «Бәйтерек» монументін қоса алғанда, Астана қаласындағы бірнеше ғимарат бейнеленген. Қызғылт сары қорғаныш үзік-үзік жіп банкноттың көлбеу бұрышына орай түсін өзгертеді. «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазба банкноттың сол жақтағы төмен бұрышында орналасқан. Басқа ақша белгілерімен қатар, бұл банкнот айналысқа шығарылған сәттен бастап заңды төлем құралы болып табылады, сондай-ақ барлық төлемдер мен ақша аударымдарында қабылдануға міндетті.

2012 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 10 000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

       

Өлшемі: 149х79 мм

Басым түсі: күлгін көк

Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай  банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналдық құны 10000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы

       

Таралымы: 30 000 000 дана

Өлшемі: 149х79 мм

Басым түсі: күлгін көк

Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақ жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» деген жазу басылған, оның астында тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу логотипі. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай  банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, оның астында сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік  банкнотаның сипаттамасы

       

Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне  – тігінен. Орталық бөлігінде  "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  "Бәйтерек" монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда  резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 210 қаулысына сәйкес 2006 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2016 жылғы 4 қазаннан  ақша айналысынан алынд. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2020 жылғы 3 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырылады. 

2003 жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.

            

Көлемі 149х74 мм. Басым түстері - көгілдір және көк.

Бет жағында негізгі бейне -  философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) портреті. Портреттің оң жағына мемлекеттік тілде 10 000 теңгелік номиналдың сандық белгілеуі орналасқан. Банкноттың сол жағындағы жоғарғы бұрышта "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Банкноттың төменгі бөлігінде Әл-Фараби портретінен оңға қарай тік бұрыш жасай қарағанда көрінбейтін, бірақ банкноттың бетіне үшкір бұрыш жасай қарағанда байқалатын "10 000" номиналының сандық белгісі бейнеленген белгі ою-өрнекпен біріктіре бейнеленген. Портреттің оң жағында жарыққа тосып қараған кезде көрінетін қорғаныш жібі, сондай-ақ жалпақ құбылмалы жіп орналасқан. Портреттің сол жағында екі су тамғы белгі, біреуі классикалық, Әл-Фарабидің қырынан салынған бейнесі, екінші үлгіде - барыс, сондай-ақ банкнот номиналы бейнелеген. Төменгі сол жақ бұрышта нашар көретін адамдар үшін бедерлі екі шеңбер орналасқан.

Сырт жағында негізгі бейне - тау аясындағы барыс. Банкноттың оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы аумағының пішіні мен жалауы бейнеленген. Түсі өзгеретін бояумен қазақ және орыс тілдерінде жазылған 10 000 теңгелік номиналының сандық белгілеуі. Банкноттың орталық бөлігінде тау бейнесінен төменірек 10 000 теңгелік номиналды сандық белгілеу және "он мың теңге" деген сөздер орыс тілінде жазылған.

Назар аударыңыздар:

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдары 2018 жылғы 14 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылдайды және сараптама олардың түпнұсқалығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырылады. 

 

 

 


  
20000 теңге
10000 теңге
5000 теңге
2000 теңге
1000 теңге
500 теңге
200 теңге
100 теңге
50, 20, 10, 5, 3, 1 теңге
Ұлттық валюта – теңге банкноттарының қорғаныш элементтері
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс: + 7 (727) 2704-703, +7 (727) 2617-352, + 7 (727 ) 2704-799
Телекс: 251130 BNK KZ
Анықтама қызметінің телефоны: + 7 (727) 2704-591
e-mail: hq@nationalbank.kz
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша e-mail: anticorruption@nationalbank.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018