link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Сыртқы борыштың статистикасы

Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді.

Республиканың сыртқы борышы бойынша статистикалық есепте елдің халықаралық инвестициялық позициясында көрсетілген сыртқы міндеттемелердің құрауышы болып табылатын елдің борыштық міндеттемелерінің құны және құрылымы көрсетіледі. Сыртқы борышқа кіретін міндеттеме нақты және өтелмеген болуға тиіс. Кредитордың қарыз алушыға талабының болуы шешуші фактор болып табылады.

Қазақстан Республикасының сыртқы борышын құрастыру және бағалау Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың 6-басылымында келтірілген  стандартты есепке алу қағидаларына және анықтамаларға сәйкес Сыртқы борыш бойынша құрастырушыларға және пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтың (ХВҚ, 2013) негізінде жүргізіледі.

Сыртқы борыш бойынша статистикалық есепте деректерді бөлшектеудің үш деңгейі қолданылады: институционалдық секторлар бойынша (мемлекеттік басқару секторы, орталық банк, банктер, басқа секторлар және фирмааралық берешек); сыртқы борышты өтеу мерзімдері бойынша СБ (бастапқы өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді); борыштық құралдардың түрлері бойынша (қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар, кредиттер мен қарыздар, сауда кредиттері мен аванстар, басқа да міндеттемелер, СДР).

Сыртқы борыштың құрылымында экономика секторларынан бөлек шетелдік тікелей инвесторлар, шетелдік тікелей инвестициялау кәсіпорындарының және шетелдік тел кәсіпорындарының алдындағы борыштық міндеттемелер – фирмааралық берешек бөлінеді. Борыштық тұрақтылық тұрғысынан фирмааралық берешек тәуекелі ең төмен деп танылады, өйткені үлестес кредиторлар (ең алдымен тікелей инвестор) қарыз алушының төлеуге қабілетсіздігі тәуекелін бірге (тікелей немесе жанама) көтереді.

  2017 жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 411 бұйрығы) сыртқы борыш бойынша статистикалық есептер тоқсандық аралықпен қалыптастырылады және 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте, 30 желтоқсанда орналастырылады, қосымша талдамалық кестелер және ақпарат – негізгі статистикалық есептер орналастырылған күннен кейін 10 күн өткен соң.

Есепті кезеңде сыртқы борышқа талдамалық түсіндірмелер тоқсан сайынғы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымында көрсетілген.

Талдау мақсаттарында бюджеттік сектормен тікелей немесе жанама байланысты борыштық міндеттемелерді бөлек көрсету үшін Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы санаты бойынша статистика қосымша қалыптастырылады.


Кредиттеу шарттар (.xlsx, 10/04/2017,  10,49 KB)
Сыртқы борыш: стандартты ұсыным (.xls 30/06/2017,  120,00 KB)
Сыртқы борыш: аналитикалық ұсыным (.xls 30/06/2017,  59,50 KB)
Сыртқы борыштың абсолютті және салыстырмалы өлшемдері (.xls 10/07/2017,  71,50 KB)
Сыртқы сектор статистикасының жаңа әдіснамасына көшу туралы және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 1-тоқсандағы төлем балансының және сыртқы борышының жай-күйі туралы №25 баспасөз релизі (.pdf 10/07/2013,  191,94 KB)
Сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің кестесі (.xlsx 10/07/2017,  16,41 KB)
Қалған өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді сыртқы борыш (.xlsx 10/07/2017,  13,06 KB)
Ұлттық және шетел валютасындағы сыртқы борыш (.xlsx 10/07/2017,  18,02 KB)
Резиденттер шығарған және резидент еместерге тиесілі борыштық бағалы қағаздар, эмиссия орны бойынша (.xlsx 10/07/2017,  14,93 KB)
Сыртқы борыштың ағындар мен қорларды келістіру (.xls 30/06/2017,  48,50 KB)
Сыртқы борыш: Аналитикалық ұсыным (.xls 03/08/2017,  53,50 KB)
Шетел валютасындағы сыртқы борыш (.xlsx, 10/07/2013,  10,49 KB)
Елдер бойынша сыртқы борыш (.xlsx, 10/07/2013,  10,49 KB)
Резиденттердің қызмет түрлері бойынша сыртқы борыш (.xlsx, 10/07/2013,  10,49 KB)
Кредитор және заем алушы секторлары бойынша сыртқы борыш (.xlsx, 10/10/2014,  10,49 KB)
Сыйақы мөлшерлемелері бойынша сыртқы борыш (.xlsx, 10/07/2015,  10,49 KB)
  
Төлем балансының статистикасы
Сыртқы борыштың статистикасы
Кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышының статистикасы
Халықаралық инвестициялық позиция
Салым бағыты бойынша тікелей инвестициялар статистикасы
Халықаралық резервтер және шетел валютасындағы өтімділік
Әдіснама
ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы (басылым)
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017