link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Мүлікті жария ету
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Мұражайы жайлы

жарияланым күні: 22.01.2009

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мұражайы өткен ғасырдың 80-ші жылдары банк жүйесін дамыту тарихы кабинетінің базасында Мембанктің республикалық кеңсесінің басқарушысы В.А. Бондаренко мен кабинет меңгерушісі В.А. Бахаревтің бастамасы бойынша құрылды.

Ұлттық Банктің мұражайы 1997 жылғы 13 қарашада ресми түрде ашылды. Мұрайжайға бірінші келуші Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болды, ол осы күні мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» ескерткіш жазба жазып қалдырды.

Мұражай ашылған күннен бері оның қорларында көптеген экспонаттардың жинақталуына байланысты Мұражайдың кеңесі мен Ұлттық Банктің басшылығы оны неғұрлым кең және арнайы жабдықталған үй-жайға көшіру туралы шешім қабылдады. 2002 жылғы 15 қарашада Панфилов көшесі, 98-үйдегі ҚРҰБ-нің Алматы қалалық филиалының ғимаратында мұражайдың жаңа үй-жайымен таныстыру болды.

Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам экспонаттар бар, оның ішінде:

- «Алтын адам» деп аталатын макет - Алматы маңына жақын жердегі қазбадан табылған, жауынгер-тигрохаудтың алтын пластинадан шебер жасалған киімі. Макетті қазақстандық реставратор суретші        К. Алтынбеков дайындаған. 1997 жылы түпнұсқаның 3 көшірмесі дайындалған болатын: бір көшірмесі БҰҰ-на сыйға берілді, екіншісі Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайында тұр, үшіншісі Ұлттық Банктің мұражайы үшін арнайы жасалды. «Алтын адамның» бас киімінің бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рәмізіне айналды.

-  Николай ІІ патша бейнеленген құны 5 және 10 рубль монеталар 1898-99 ж.ж.; Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ, Александр ІІІ бейнеленген патшалық Ресей монеталары;

- Австрия-Венгрия монеталары, неміс рейхсмаркалары, орыс-поляк монеталары, Қытайдан, Польшадан, Мексикадан әкелінген монеталар;

- Кеңес өкіметінің құрылуы кезеңінде 1918 жылы шығарылған «апиын ақшалары» және 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен монеталар;

- алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері;

- Қазақстан теңге сарайының бұйымдары,

- Банкнот фабрикасының өнімі;

- Ұлттық Банк филиалдарының қызметін түсіндіретін альбомдар;

- алыс және таяу шет елдерден келген Ұлттық Банк қонақтарының сыйлықтары және көптеген басқа да қызықты экспонаттар.

Мұражайда тақырыбы қазіргі кезде Қазақстан аумағында қолданылатын ақша белгілерінің даму кезеңін - Жібек жолы кезеңіндегі ақшадан бастап тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасына дейінгі кезеңді қамтитын бір жарым сағаттық экскурсия тұрақты өткізіліп тұрады.

Ұлттық Банктің мұражайы бойынша экскурсия ақысыз өткізіледі және Ұлттық Банктің конақтары мен экономикалық салада оқытатын оқу орындарының студенттеріне арналған.

Мұражайға келуді ұйымдастыру үшін Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарының атына оқу орнының фирмалық бланкіне жазылған жазбаша өтініш, оған қоса топ жетекшісінің аты-жөнін және мұражайға келетін күнді көрсете отырып, мұражайға келушілердің (15-20 адамннан аспайтын) тізімін беру қажет.

Келушілердің мұражайға кіруі берілген тізімге сәйкес және кіретіндердің жеке куәлігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Ұлттық Банктің мұражайы сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері сағ. 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұражайдың мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98 (ҚРҰБ Алматы қалалық филиалы ғимаратында). Анықтама үшін телефон: +7 (727) 2612570.

 

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2016